Жаңалықтар
Ұсталған кәмелетке толмағандар жайлы
2022 жылдың 3 мен 7 ақпаны аралығында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның тікелей қатысуымен жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған тоғыз кәмелетке толмаған бала ешқайда кетпеу тілхатымен, ата-анасының/қамқоршысының қадағалауымен тергеу изоляторларынан босатылды. Елдегі қаңтар айында орын алған жаппай тәртіпсіздіктерден кейін Балалар омбудсмені Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан » Толығырақ
Орфандық ауруларға шалдыққан балаларды емдеудегі ресейлік тәжірибені зерделеу
2022 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин ресейлік әріптестерімен Zoom платформасындағы онлайн-конференция режимінде өткен кездесуге қатысты. Кездесу барысында ресейлік әріптемстер орфандық (сирек кездесетін) ауруларға шалдыққан балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі оң тәжірибесімен бөлісті. Кездесуге ресейлік тараптан Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Салагай, РФ Мемлекеттік » Толығырақ
Балалар жылында – балаларға ерекше көңіл бөлінеді
2022 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Zoom платформасындағы онлайн конференция арқылы Министр Асхат Аймағамбетовтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысына қатысты. Отырыста бірінші вице-министр Шолпан Қаринова (баяндама тақырыбы – «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ қазақ » Толығырақ
Реформаны қайтымсыз ету
Қазақстанда балалардың мемлекет есебінен спорт секциялары мен өнер үйірмелеріне қатысуына мүмкіндік беретін реформа жүзеге асырылып жатқанына алты айдан астам уақыт өтті. Алайда бұл реформаны қайтымсыз ету үшін туындап жатқан проблемалардың түйінін түсініп, оларды шешу жолдарын ұсыну керек… 2020 жылдың 30 желтоқсанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды шығармашылық үйірмелер мен спорттық » Толығырақ
Балалар азап көріп, қырылған кез
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа жылдық құттықтауында 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Өкінішке қарай, жылдың басы қайғыға толы: қылмыстық элементтердің елдегі саяси жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті қантөгіске алып келді, қаза тапқандар мен жараланғандар арасында балалар да бар… Алматы мен Талдықорғандағы балалармен болған қайғылы оқиғалардың қысқаша мазмұны: 5 қаңтар күні » Толығырақ
Жаңа 2022 жыл құтты болсын!
Құрметті достар – ата-аналар, ата-әжелер, балалар! Бәріңізді келе жатқан 2022 жылмен құттықтаймын! Қиындықтың бәрі артта қалсын. Ең бастысы – балаларымыздың амандығы! Кез келген балаға қамқорлық таныту әрбір ересек адамның ізгі міндетіне айналсын деп тілеймін. Қазақстандағы барлық баланың өмірін жақсартуға бағытталған жұмысымыз тезірек өз жемісін берсін. Дәл осы мақсатта біз заңдарды » Толығырақ
Балалар құқықтарын қорғау – ортақ іс
2021 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтарының сақталуы туралы» V-VI баламалы/параллельді баяндама дайындау бойынша жұмыс нәтижелеріне арналған «Бала құқықтарын қорғау туралы» ҚР ҮЕҰ Жұмыс тобының баспасөз конференциясына қатысты. БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті (БҚК) – қатысушы » Толығырақ
Балалар соқырлығын қалай тоқтатуға болады
2021 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин, балалар офтальмологы Әсел Шәріпова және көп балалы ана Динара Нығметова тікелей эфирде Қазақстандағы шала туған нәрестелердің ретинопатиясы мәселесін және оны шешудің жолдарын талқылады. 17 қарашада бүкіл әлем Халықаралық шала туған нәрестелер күнін атап өтеді (Ақ күлтелер күні – » Толығырақ
Балалардың игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыс
2021 жылдың 3 желтоқсанында Zoom платформасында 19 қарашада атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күніне және Халықаралық мүгедектер күніне (3 желтоқсан) арналған онлайн баспасөз конференциясы өтті. Конференция барысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері балалар құқығын » Толығырақ
Үйге апарар ұзақ жол
2021 жылдың 9 қарашасында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин «БҰҰ әйелдері қайтарылған әйелдер мен балаларды қолдайды» ЕО-ЮНИСЕФ бағдарламасының Үйлестіру жұмыс тобының (ҮЖТ) отырысына қатысты. Ол өз сөзінде «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операциялары аясында Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан оралған 516 баланың қазіргі жағдайы жайлы мәлімдеді. Жұмыс мерзімі 2022 » Толығырақ









