Балалар соқырлығын қалай тоқтатуға болады

2021 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин, балалар офтальмологы Әсел Шәріпова және көп балалы ана Динара Нығметова тікелей эфирде Қазақстандағы шала туған нәрестелердің ретинопатиясы мәселесін және оны шешудің жолдарын талқылады.

17 қарашада бүкіл әлем Халықаралық шала туған нәрестелер күнін атап өтеді (Ақ күлтелер күні – дәрігерлер мұндай балаларды солай атайды). Өкінішке қарай, мерзімінен бұрын босану Қазақстан үшін де өткір мәселенің бірі: мысалы, әрбір жиырмасыншы бала белгіленген 38-40 аптадан ерте туады. Яғни бұл жыл сайын – шамамен 20 мыңға жуық бала!

Тіпті, мамандандырылған перинаталдық орталықта нәрестеге уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету өмір сүруге 100 пайыз кепілдік бере алмайды. Бұл әсіресе дене салмағы күрт төмен (500-1000 грамм) және өте төмен (1000-1499 грамм) шала туған нәрестелерге қатысты.

Баланы аман алып қалған жағдайдың өзінде жүрек-тамыр жүйесінің, тыныс алу жүйесінің және асқазан-ішек жолдарының тиісті дамымауы ақырында нәрестенің денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Ал жиі кездесетіні – когнитивті және неврологиялық функциялардың нашарлауы есту және көру проблемаларына әкеледі.

Мәселенің басты мәнісі – шала туған нәрестелердің көру жүйкесінің дамымай қалуын тудыратын бұл ауруды шекті кезеңде, яғни өмірдің алғашқы күндерінде нақты анықтап,  екі айға дейін ота жасау қажет. Әйтпесе, ауру жантәсілім сатысына (мүгедектікке) өтіп, толық соқырлыққа алып келуі мүмкін.

Өкінішке қарай, бізде шала туған нәрестелердің ретинопатиясын диагностикадан өткізетін және емдейтін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған (сатып алынбайды) перинаталдық орталықтар мен перзентханалар аз, білікті балалар офтальмологтары жеткіліксіз. Осының кесірінен балаларымыз соқырлыққа тап болып, қараңғылықта өмір сүруге мәжбүр. Жағдайды қалай өзгертуге болады? Ерте диагностиканы жолға қойып, еліміздегі барлық перзентханада балалардың көру қабілетін сақтап қалу мүмкіндігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Мәселені жүйелі шешу үшін ретинопатияның алдын алу мен емдеудің бірыңғай ұлттық бағдарламасын әзірлеу және білікті балалар хирург-офтальмологтарының болуы қажет екен.

Балалар омбудсмені Аружан Саин, «Балаларға өмір сыйла» жобасының үйлестірушісі Елена Никонова, анау 2010 жылы «Шала туған нәрестелер ретинопатиясының ерте диагностикасын оңтайландыру» тақырыбында медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған  балалар офтальмологы Әсел Шәріпова және «Күміс алқа» орденінің иегері, екі баласы ретинопатияға шалдыққан алты баланың анасы Динара Нығметова дәл осы тақырып төңірегінде сөз қозғады.

Суретте жоғарыда: отырғандар (солдан оңға қарай) – Д.Нығметова, Ә.Шәріпова және А.Саин, тұрған – Е.Никонова.

50 минуттан астам талқылаудың толық жазбасын Instagram әлеуметтік желісінен қараңыздар – httpinstagram.com/p/CXLg4FVAsuv/