Балаларды әлеуметтік қорғау

Құрметті ата-аналар, қамқоршылар  (баланың заңды өкілдері), егер қандайда бір жағдайда  балаңыздың әлеуметтік қорғау саласына  қатысты  құқықтары бұзылды деп санасаңыз (жәрдемақыны тағайындау, есептеу және төлеу), онда сіз:

  1. Аудандық әлеуметтік қорғау бөліміне өтінішпен (шағыммен) міндетті түрде жазбаша түрде жүгініңіз.  Олар 15 күннің ішінде сізге жазбаша түрде жауап қайтаруы тиіс;
  2. егер қандай да бір себептермен алынған жауаппен келіспеген немесе қанағаттанбаған жағдайда  аудандық әлеуметтік қорғау бөлімі жауабының көшірмесін қосып, республикалық маңызы бар облыстың / қаланың әлеуметтік қорғау Басқармасына жүгінуіңіз керек (міндетті түрде жазбаша түрде!);
  3. егер бұл жауаппен де келіспеген немесе қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгініңіз;
  4. егер аталған уәкілетті органдардың бірде-біреуі сіздің мәселеңізді шеше алмаған және баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете алмаған жағдайда сіз бірінші сатыдағы сотқа жүгіне аласыз (жалпы юрисдикция немесе мамандандырылған);
  5. жоғарыда аталған кез келген кезеңде сіз баланың құқықтарын қорғау үшін  прокуратураға жүгінуге құқылысыз. Ескерту: бастапқыда сіз өзіңіздің ауданыңыздың прокуратурасына, содан кейін өсу ретімен: республикалық маңызы бар облыс /қала,  Бас прокуратураға жүгінесіз.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну үшін:

• өтінішті (шағымды) кеңсеге өзіңіз әкеле аласыз;

• өтінішті (шағымды)  табыс етілгені туралы хабарлама беретін тапсырыс хатбен жібере аласыз;

• өтінішті (шағымды) азаматтарға арналған электронды Үкімет порталы арқылы жіберуге болады (egov.kz).  

Назар аударыңыз!

Әлеуметтік қорғау бөлімдері мен Басқармаларының атауы әр аймақта әр түрлі болуы мүмкін. Уәкілетті мемлекеттік органдардың байланыс мәліметтерін Қазақстан Республикасының облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктерінің ресми сайттарында табуға болады:

https://egov.kz/cms/ru/information/state_agencies/political_division

Егер барлық өтінішіңізден кейін ешқандай шара қолданылмаса немесе мемлекеттік органдардың әрекеттері баланың құқықтарын қорғау үшін жеткіліксіз деп санасаңыз барлық өтініштер мен оларға берілген  жауаптардың көшірмесін қосып,  Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі Уәкілге жазбаша түрде жүгіне аласыз.

МАҢЫЗДЫ!

Егер жағдай өте қиын болса және басынан бастап Уәкілдің жеке бақылауын қажет етсе  Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкілмен тікелей жазбаша түрде байланысуға болады:

E-mail: info@bala-ombudsman.kz
WhatsApp: +7 (777) 678-75-90 (тек хабарламалар үшін)

Нормативтік-құқықтық база:

Қазақстан Республикасының Конституциясы – 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы – ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы – ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІV Кодексі.

Балалардың қорғанысы мен амандығына қатысты, әсіресе олардың ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алуы кезіндегі әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы декларация – БҰҰ Бас Ассамблеясының 1986 ж. 3 желтоқсандағы №41/85

Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы – ҚР 2000 жылғы 13 желтоқсандағы №113-II Заңы

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы – ҚР 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 Заңы

«Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты – ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі №557 бұйрығы

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктермен Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерінде өзара іс-қимылы бойынша нұсқаулық – ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы №373 бұйрығы

Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері және баланың құқықтарын қорғау саласындағы бақылау парақтары – ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №708 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №832 бірлескен бұйрығы

Туғаннан бастап үш жасқа дейiнгi жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейiнгi, психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №1008 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереже – ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы №132-к бұйрығы

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы ережелер – ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №383 Қаулысы

Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары – ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №17 бұйрығы.

Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидалары – ҚР  Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы №229 бұйрығы

Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары – ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №16 бұйрығы

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидалары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы №379 бұйрығы