Өмірбаян

Аружан Саин

Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Алматы қаласындағы №138 қазақ гимназиясын бітірді.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті география факультетінің экология және мониторинг кафедрасын тәмәмдады.

1994 жылы «Аружан және Компания» продюсерлік орталығынашты.

2006 жылдың сәуірінде «Добровольное общество «Милосердие» қайырымдылық қорынқұрды.

2019 жылдың 18 шілдесінен бастап – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Аружан Саин «Добровольное общество «Милосердие» қайырымдылық қорының құрылтайшысы. Бүгінгі күні бұл қор халықтың және қазақстандық бизнес пен мемлекеттік органдардың сеніміне ие болып отырған Қазақстан Республикасындағы ең ірі қайырымдылық ұйымның бірі. Қордың негізгі мақсаты – қиын жағдайға тап болған қазақстандық балаларға көмек көрсету. Қор бірнеше бағытта қызмет жасайды:

«Балаларға өмір сыйла» жобасы

«Балаларға өмір сыйла» жобасы аясында Қазақстанда әзірге емделмейтін диагнозға шалдыққан немесе  шұғыл көмекке мұқтаж балалардың еміне қаражат жиналады. «Добровольное общество «Милосердие» қайырымдылық қоры қызметінің басты қағидасы –  ашық әрі атаулы көмек көрсету. 2007-2022 жж аралығында жиналған қаражат көлемі  4 887 823 125 теңгені құрады. Бүгінгі күнге дейін 2248 қазақстандық балаға көмек көрсетіліп, 3503 операцияның ақысы төленді.

 «Қазақстан – жетімі жоқ ел» жобасы

Өз жұмысын «Samruk-Kazyna Trust» ҰӘҚ» ӘЖҚҚ қолдауымен жүргізіп жатқан «Қазақстан – жетімі жоқ ел» «Добровольное общество «Милосердие» ҚҚ мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бірлескен жобасы. 2006 жылы басталған жоба азаматтарға жетімдер үйінен баланы асырап алуға, патронатқа немесе қамқоршылыққа алуға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру кезеңінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны 19 800-ден 4 500-ге дейін қысқарды.

«Аутизмді жеңеміз» жобасы

2013 жылдан бері «Аутизмді жеңеміз» жобасы 1500-ден астам балаға көмек көрсетті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен балалар қабылданатын Аутизм орталығында қазір 63 бала тұрақты түрде бейімделу курсынан өтуде. Жоба «Samruk-Kazyna Trust» ӘЖҚҚ қаражаты есебінен қаржыландырылады.

ПРОДЮСЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

«Аружан және Компания» продюсерлік орталығы қазақстандық телеарналарға ойын-сауық, ақпараттық, білім беру және шоу-бағдарламалар жасайды. Компания Қазақстанда қазақ тілінде, оның ішінде балаларға арналған теледидарлық контентті алғашқылардың бірі болып шығара бастады.  «Балаларға өмір сыйла», «Дос Болайық», «День аиста», «Балапан жұлдыз», «Аналар мектебі» сияқты әлеуметтік маңызы зор жобаларды өндіру арқылы Продюсерлік орталық қазақстандық теледидардың дамуына өз үлесін қосты.

КИНОМАНСАП

1996-2000: Перекресток (телехикая)

1997:Записи Рустема с картинками (к/ф, реж: АрдақӘмірқұлов)

2000-2002: Детки (телехикая) – камео

2011: Студент (к/ф, реж. ДәрежанӨмірбаев)

МАРАПАТТАР

2009: «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы бойынша «Алтын Жүрек» сыйлығының лауреаты 

2017: «Ұлттық Медициналық Ассоциация» РҚБ «Мейірім» төсбелгісі

2019:  «Құрмет» ордені

Аружан Саин тұрмыс құрған, екі қыздың анасы.