ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл

Өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты (дәйексөз келтіреміз) «Қазақстан Республикасында бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіру, қатысушы мемлекеттің БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына бейілділігін растай отырып, әлемдік қоғамдастықтың балалар өмірі үшін қолайлы және мейірімді ортаны қалыптастырудағы күш-жігерін қолдау мақсатында»  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2016 жылғы 10 ақпандағы № 192 Жарлығымен құрылды.

Сондай-ақ, балалар омбудсменінің негізгі мақсаттары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, ҚР Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия, түрлі министрліктер мен ведомстволар, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының (жоғарғы палата) және Мәжіліс (төменгі палата) комитеттері сияқты мемлекеттік және қоғамдық институттармен бірлесіп қалпына келтіру болып табылатындығы анықталды.  

2016 жылдың 25 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі алғашқы уәкіл болып тағайындалды.

2018 жылдың 12 маусымда бұл қызметке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәуле Айтпаеваға  отырды.

 2019 жылдың 18 шілдесінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұйрығымен бұл қызметке «Милосердие» ерікті қоғамының» негізін қалаушы Аружан Саин тағайындалды.

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы 1989 жылы 20 қарашада қабылданды, ал 1994 жылы оны Қазақстан Республикасы ратификациялады.