Балалар азап көріп, қырылған кез

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа жылдық құттықтауында 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Өкінішке қарай, жылдың басы қайғыға толы: қылмыстық элементтердің елдегі саяси жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті қантөгіске алып келді, қаза тапқандар мен жараланғандар арасында балалар да бар…

Алматы мен Талдықорғандағы балалармен болған қайғылы оқиғалардың қысқаша мазмұны:

5 қаңтар күні сағат 20.30-да лаңкестердің Әуезов АІІБ ғимаратына жасаған шабуылын видеоға түсіріп тұрған 12 жасар Сұлтан Қылышбек оқ тиіп қаза болды. Келесі күні баланың анасы полицияға арызданып, 10 қаңтарда Уәкілге жүгінген. Ағасының өліміне куә болған марқұмның 9 жасар қарындасына Алматы қалалық білім басқармасымен біргіп психологтың көмегі ұйымдастырылды.

6 қаңтар сағат 21.20-да 16 жастар Әрсен Сәруар оқ жарақатымен Алматы қаласындағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына түскен. Қолда бар мәліметтер бойынша, әкесі баласын әжесінің үйінен алып, қауіпсіз аймаққа – өз үйіне апармақ болған.  Алайда жолда олардың көлігіне лаңкестер оқ жаудырады. Аурухана дәрігерлері әскери хирургтармен онлайн кеңес режимінде баланың жағдайын тұрақтандыра алады. Әкесі басқа ауруханада жатыр. Оқиға орын алған кезде баланың анасы шетелде болған, ол 9 қаңтар күні  Бішкек арқылы Алматыға оралды. Уәкіл үйлестірушілері анамен байланыста.

7 қаңтар күні сағат 13.30-да 8 жасар Әлима Абрай бөксе аймағынан оқ жарақатын алған. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

7 қаңтар күні сағат 19.00-де Сейфуллин даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында апалы-сіңлілі Мелдехандар кетіп бара жатқан көлікке оқ жауған. 4 жасар Айкөркем сол жерде көз жұмды, оқ жарақатын алған (екі өкпесіне тиген) 15 жасар Жанелге ота жасалып, ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Талдықорғанда да кәмелетке толмаған бала көз жұмды. 8 қаңтар күні сағат 20.30 шамасында (қаладағы коменданттық сағат кезінде) ерлі-зайыпты Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қызы Нұрай қаза болды: көлікпен қонақтан қайтып келе жатқан отбасына оқ атылып, үшеуі де сол жерде ажал құшқан.

Уәкіл №1, №7 және 6 қаңтар күні эвакуацияландырылған Райымбек даңғылындағы жұқпалы аурулар ауруханасының модульдік бөлімшесінің бас дәрігерлерімен байланысқа шықты. Бұл аурухана Қалқаман ықшамауданында лаңкестермен оқшауланған №7 ҚКА мен №1 ҚКА қарама-қарсы орналасқан. Ол жерден 20 шақты бала (ӨЖЖ аппаратында жатқандар) және дәрігерлер шыға алмаған.

Көшедегі қақтығыстар кезінде жараланғандар мен зардап шеккендерді қабылдаған қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымына үлкен салмақ түсті. Аурухананы лаңкестердің басып алуы мүмкін болуына байланысты балалар омбудсмені мекемені қорғауға алуды өтініп, комендатура мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүгінген.


Оқиға орын алған күннен бастап «ДОМ» ҚҚ үйлестірушісі балалар үйлері және интернаттармен байланыста болды. Мереке күндері дүкендердегі өнім тапшылығы, ал ТЖ кезінде өнімді мүлде сатып алу мүмкіндігі болмауына байланысты үйлестірушілер мекемелер қажеттілігінің тізімін жасады. 9 қаңтарда қор қызметкерлері және «ЯАлматинец»  еріктілер тобы мекенжайларға азық-түлік жеткізді.

Ауруханаларды азық-түлікпен қамтамасыз еткен «ЯАлматинец» қоғамдық қозғалысының (басшылары – Константин Авершин және Саида Таукелева) көмегін ерекше атап айту қажет. Күн сайын дәрігерлерге, полицияға және әскерилерге 1800-4500 порция тамақ жеткізілді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

— Оқиғалардан кейін хабарсыз кеткен балалар мен ересектер бойынша 1414 телефон нөміріне хабарласу керек.

— Қажет болған жағдайда БҒМ Бала құқықтарын қорғау комитетінің «жедел желі» телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар: +7 (717) 274-25-28, +7 (776) 170-73-83, +7 (777) 183-65-67, +7 (701) 378-66-29. 

— Күдікті адамдар мен лаңкестер жайлы  анонимді хабарлау үшін Алматы бойынша мына  телефон номерлеріне хабарласу керек:  +7 (727) 254-42-20, 254-43-00, 254-40-72.

Аман болыңыздар!