Алматыда дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні ауқымды сән көрсетілімі өтті

Қазақстандық «Аутизмді жеңеміз» жобасының «Подиумдағы балалар» ерекше шоу-спектаклін ондаған танымал бренд, режиссер Ермек Тұрсынов, сондай-ақ оқу орындарының еріктілері қолдады.

Алматыда дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні қарсаңында (World Autism Awareness Day) «Аутизмді жеңеміз» орталығының тәрбиеленушілерінің қатысуымен ерекше сән көрсетілімі өтті, деп хабарлайды «ДОМ» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі.

Жыл сайын 2 сәуірде бүкіл әлем БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен белгіленген күнді атап өтеді, бұл күні аутизм туралы ақпаратты бөлісу, достарыңыз бен жақындарыңызға, сондай-ақ әдеттегідей қоғамдағы ерекше адамдар мен балаларға көрсетілетін көмек туралы айтылады.

Алматыда «ДОМ» қоғамдық қайырымдылық қоры бұл атаулы күнді аутист балалар мен олардың ата-аналары қатысқан салтанатты сән көрсетіліміне орайластырды. Іс-шараны ондаған танымал киім және аяқ киім бренді, қоғамдық тамақтану, оқу орындарының еріктілері қолдады. Бұған «Аутизмді жеңеміз» жобасы қазақстандық дизайнер, журналист және «Kazakhstan Fashion Week» атқарушы директоры Ботагөз Алдоңғарова күш салды.

«Бірнеше ай «Подиумдағы балалар» атты ауқымды іс-шараға дайындалдық. Сән көрсетілімінің барлық сценарийі «Аутизмді жеңеміз!» жобасы аясында 37 баланың өнер көрсетуіне құрылған. 10 жыл бұрын көптеген ерекше баланың ата-анасы мұндай баламен қайда барып, қайдан көмек алу керектігін, баланың мінез-құлқын қалай түзетіп, қалай дамытып, қалай оқыту керектігін білмеді. Қазір адамдардың бұдан құлағдар болғаны қуантады, аутизм спектрі бұзылған балалар көбейіп келеді, өйткені аутизм диагнозы өсіп отыр. Бүкіл Қазақстан бойынша оңалту бойынша түрлі орталықтар көбейіп жатыр, алайда дәл осындай сахналық қойылымдар арқылы біз аутизммен күресу мүмкін емес деген стереотипті жоямыз: аутист балалар өнер көрсете отырып, өмірінің сәулелі сәттерін көрсетеді, ал адамдар аутист балалардың көп нәрсеге қабілетті екенін, ел қатарлы өмір сүріп, қоғамға пайда әкеле алатынын түсіне бастайды», – дейді «Аутизмді жеңеміз» жобасының психологы әрі ерекше баланың анасы Қарлығаш Мұхамедиева.

Сән көрсетілімін белгілі қазақстандық режиссер, сценарист әрі жазушы Ермек Тұрсынов қолдады. Сахнада ол монолог оқып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. «Royal Tulip» қонақ үйінің Grand Ball залында осы іс-шараға билет сатып алып, сол арқылы балаларды қолдаған барлығы 400-ге жуық адам жиналды. Билет сатудан түскен барлық қаражат аутизммен ауыратын балаларға көмектесуге арналды.

«2 сәуір – дәл осы күні 2007 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күнін белгіледі. Негізгі мақсат – аутизммен ауыратын жандардың басқалармен тең дәрежеде құқығын қамтамасыз ету, ынталандыру. БҰҰ аутизм қорғаушыларының арқасында  әлемде бұл бағытта айтарлықтай жетістік бар екенін айтады. Осындай ұйымдардың ішінде біздің қор, аутизммен ауыратын балалардың ата-анасын біріктірген «Аутизмді жеңеміз» жобасы орталықта балалармен және отбасылармен жұмыс істеудің ең тиімді тәжірибесін енгізді. Мамандар балалардың мінез-құлқын түзетіп, сөйлесе бастап, баланың дамуы мен оқуында барлық құрал тиімді болатын деңгейге жетуі үшін күн сайын тынбай еңбек етеді», – дейді «ДОМ» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин.

«Подиумдағы балалар» ерекше шоу-спектакльде аутисттердің әлемге деген көзқарасы мен қоғамның олардың талпынысы мен амбициясын қалай қолдай алатыны туралы сырлы әңгіме айтылды. Аружан Саин іс-шараға қатысып, әлеуметтік маңызды бастаманы қолдаған жандарға алғыс білдірді. «Серіктестер мен демеушілер, сондай-ақ еріктілер, сіздердің қолдауыңыздың арқасында біз бұл кешті ерекше өткізіп, біздің көмегімізге мұқтаж адамдарға пайдалы бола алдық!», – деді ағасы Әуез де аутистммен ауыратын қоғамдық қордың басшысы Саин. Әуез ұзақ жыл бойы тьютор ретінде «Аутизмді жеңеміз» орталығының кішкентай тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп келеді.

ДДҰ дерегінше, әлемде аутизмі бар балалардың тұрақты түрде көбейіп келе жатқаны байқалады, орта есеппен 100 баланың біреуі аутизммен туады. Әсіресе, бұл Оңтүстік Кореяда белең алған: 38 баланың біреуі аутист болса, АҚШ-та 45 баланың бірі осы дертпен ауырады. Қазіргі уақытта бұл дүние жүзінде шамамен 75 миллион адам, бұл әлем халқының 1% аутизм спектрінің бұзылуымен (АСБ) ауырады деген сөз.

«Сіздердің жылы сөздеріңіз, бала мен ересек адамға күлімсіреп қарауыңыз өте маңызды! Егер автобуста ерекше бала мазасызданып отырса, қоғамды төзімділікке үндеу өте маңызды. Аутизмді елемей, әлемнің есігін именбей ашуға көмектесетін біздің балалармен жақсы қарым-қатынас құру маңызды. Әрбір баланы ерекше күтімді қажет ететін замандастарына түсіністікпен қарап, ренжітпей, керісінше өз қатарына тартуға тәрбиелеу керек. Әрине, көмектескен де жөн. Ұзақ жыл бойы бірнеше ондаған адам мен компания сынды осы мерекеде бізді ұмыт қалдырмау қажет!», – деді Әлидің анасы Самал.

Қоғамдық резонанс пен ақпараттылықтың арқасында аутизм диагнозы қойылған адамдарға көмек көрсету мен оларды қабылдай білу артып келеді. Балалардың ата-анасы мен белсенділер Қазақстанда диагностика, уақытылы көмек көрсету, ерте араласу мен кешенді тәсіл жүргізу жолында ерекше балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыруда барлық жағдай жасау керек деген сенімде. Мұнда білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелерінің өзара іс-қимылы қажет. «Аутизм жеңеміз» жобасының әлі күнге дейінгі бас серіктесі 2013 жылы құрылған «Samruk Kazyna Trast» қорының аутист балаларға көп көмегі тиді.

«Бізде өзге қаладан келген көптеген бала бар. Кейбіреуі біздің орталықта ем алу үшін Алматыға көшіп келді, көп отбасы үшін үйренген қаласын тастап, жаңа өмір бастау қиынға соғады. Сондықтан жыл сайын «Samruk Kazyna Trast» Қорының арқасында Қазақстанда 10-12 өңірінде көшпелі семинар өткізіп, тәжірибемізді бөлісеміз, аутизм, жалпы, балалармен тәжірибелік жұмыс істеу туралы көптеген пайдалы ақпарат береміз», – деп сөзін түйіндеді Аружан Саин.