Жаңа 2022 жыл құтты болсын!

Құрметті достар – ата-аналар, ата-әжелер, балалар! Бәріңізді келе жатқан 2022 жылмен құттықтаймын!

Қиындықтың бәрі артта қалсын. Ең бастысы – балаларымыздың амандығы! Кез келген балаға қамқорлық таныту әрбір ересек адамның ізгі міндетіне айналсын деп тілеймін.

Қазақстандағы барлық баланың өмірін жақсартуға бағытталған жұмысымыз тезірек өз жемісін берсін. Дәл осы мақсатта біз заңдарды өзгертіп, оларға нормативтік құқықтық актілер әзірледік – енді бұл заңдардың Отанымыздың түкпір-түкпірінде, яғни, әрбір қаласында, елді мекені мен шалғай ауылында жүзеге асуына қол жеткізуіміз керек!

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қажеттінің барлығымен қамтамасыз ету үшін барымызды салып жатырмыз. Қазірдің өзінде талай жетістікке жеттік. Мәселен, бұрын сатып алынбаған өмірлік қажетті дәрі-дәрмеккетер  сатып алына бастады; жәрдемақыға  мұқтаж, бірақ осыған дейін оған қол жеткізе алмай жүрген балаларға жәрдемақы төлене бастады.

Әрине, жағдай жағымды жаққа өзгеріп, маңызды мәселелер шешілуде. Дегенмен балаларды спорт секциялары және шығармашылық үйірмелермен қамту реформасы сияқты үлкен жеңістерге жетіп, жаһандық нәтижелер көргім келеді.

Ойда тағы бірнеше реформа бар, оны да жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Келесі жылыдың өзінде бұл жобалар нақты құрылымдарға ие болады.

Қолынан жетектеп, маңдайынан мейірлене иіскеп, бойындағы талантын ашуға көмектесетін адамдар әрбір балақайдың жанынан табылсын деп тілеймін. Балаларымыз арман-мұраттарына жетіп, қалаған өмір жолын таңдау мүмкіндігіне ие болсын.

Балалар, үлкенге  құрмет, кішіге ізет, көмекке мұқтаж жандарға жанашыр бола біліңдер. Ата-аналарыңа, бір-біріңе қол ұшын беруден бас тартпайтын үздік әрі батыл адам болып өсулеріңе тілектеспін. Ойдағыны жүзеге асырып, табысқа жетуге болады деген сеніммен өмір сүріңдер. Әсіресе, егер бірлесе, ортақтасып әрекет жасайтын болсаңдар әлі талай жетістікке қол жеткізесіңдер.

Достар, ғажайыптарға сену керек, себебі ғажайыптар сенім бар жерде өмір сүреді!

Жаңа 2022 жыл құтты болсын!

Құрметпен,

Аружан Саин