Үкім шығарылды. Ұрланған ақшаны жетімдерге кім қайтарады?

2021 жылдың шілде айында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерінің есеп шоттарынан ақша жымқыру ісін қарап, әлеуметтік педагог пен балалар үйінің директорына қатысты айыптау үкімін шығарды.Зұлымдар жазаланып, әділдік орнаған сыңыйлы. Алайда арада бір жылдан астам уақыт өткенімен жетім балаларға ұрланған ақшаны ешкім қайтарған жоқ…

Бағанашылдағы Алматы облыстық №1 балалар үйі тәрбиеленушілерінің шоттарынан ақша жымқыру фактісі туралы екі рет жаздық – 2021 жылдың 26 ​​наурызында («Ұрлау – қылмыс, ал балалардан ұрлау – еселенген қылмыс») және сол жылдың 29 шілдесінде («Балаларға қиянат жасағандар жазаланды»).

Шілдеде айындағы жарияланым былай аяқталған еді: «Жәбірленушілерге өтемақы Қоры тәрбиеленушілер мен балалар үйінің түлектеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуге қатысты барлық мәселені тез арада шешеді деп үміттенеміз». Өкінішке қарай 27 жәбірленушінің бірде-біреуіне ортақ 52 миллион 440 мың теңге көлеміндегі шығынның бір тиын да өтелмегенін айтуға мәжбүрміз.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан СаинҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасына, ҚР Ішкі істер министрі мен ҚР Бас Прокурорына жолдаған хаттарында әлеуметтік педагогтың мұндай қылмысты өзі жалғыз жасай алмайтыны, бұл барлық лауазымды тұлғаларды қарастырып, мемлекет атынан балалардың құқықтарын, оның ішінде мұндай ұрлықтан қорғауға міндетті болған әрбір адамнан өтемақы талап ету қажет екені жайлы айтылған болатын.

Осыған байланысты Алматы облысының прокуратурасына сұрақ туындайды:  балалардың шоттарын жымқыру ісі неге соттан осындай нәтижемен шықты? Неге әлі күнге дейін балаларға ақша қайтарылмады? Жалпы ақшаны қайтару мүмкін бе?

Балалар омбудсменінің мемлекеттік органдарға жолдаған хаттарымен және олардың жауаптарымен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады:

Алматы облыстық №1 балалар үйі (Бағанашыл) тәрбиеленушілерінің есеп шоттарынан ақша жымқыру ісі бойынша мемлекеттік органдармен хат алмасу.