Қазақстандағы түрмелер мен колониялар қалай өзгеруде

2021 жылдың 8 шілдесінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Жаңа заманға сай пенитенциарлық жүйе» атты халықаралық онлайн-форумында Қазақстандағы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот және қылмыстық атқару жүйесінің реформалары туралы презентация жасады.

ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасы және Орталық Азиядағы PRI кеңсесі ұйымдастырған форумның жұмысына 150-ге жуық адам қатысты.  Олардың ішінде мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, отандық адам құқықтары саласындағы сарапшылармен қатар, Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Нидерланды және Беларус елдерінің дипломатиялық миссиялары мен халыралық ұйымдарының басшылары бар.


ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйені жаңарту мақсатында аталған шараның тиімділігін атап өтіп, 2019 жылы өткізілген форум осы диалогтың негізін қалағанын, оның нәтижелері бойынша ұлттық заңнамалық актілерге сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсарту және оларды ұстау жағдайларын жетілдіру бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлады (үш кодекске 15 түзету және үш ведомстволық заңға 14 түзету).

Осылайша сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша колонияға ауыстыру рәсімі заңнамалық түрде жеңілдетілді (оң мінез-құлық туралы талаптар алынып тасталды); дәрі-дәрмектерді беруге шектеулер жойылды; науқастануы бойынша босату туралы өтініштерді қарау мерзімдері төмендетілді; өтініштерді электрондық түрде жіберу құқығы берілді.
Жыл ішінде келіп-кету (жүздесу) саны 2 күнге артты.

Ұстау жағдайларын жақсарту бөлігінде ағымдағы жылдың ақпан айында сотталғандардың тамақтану нормалары 40%-ға, сәлемдемелер мен сауқаттардың рұқсат етілген салмағы 14 кг-нан 20-кг-ға артты. Өзімен бірге алып жүруге, сәлемдеме ретінде алуға және сатып алуға рұқсат етілетін заттардың тізбесі кеңейтілді. Өткен жылдан бастап колонияларда «электрондық дүкендер» және басқа да қашықтан  қызмет енгізіле бастады.

Тағы бір маңызды мәселе – бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды жұмыспен қамту. Жұмысқа орналастырылған сотталғандардың саны өткен жылдан бастап 38%-дан 49%-ға дейін артты. Бұл олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді, сонымен қатар жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды төлеуге және отбасына жіберіп отыруға мүмкіндік береді.


Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету функциясын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру туралы хабарланды: 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап тергеу изоляторларындағы медициналық қызметтер беріледі, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап – қалған объектілер. «Бұл тексеру, диагностика және емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне неғұрлым кең қол жеткізуге мүмкіндік береді және медицина қызметкерлеріне мекемелердің әкімшілігінен тәуелсіз қызмет ететін болады, бұл өз кезегінде заңсыз әрекеттердің ықтимал фактілерін жасыруды жояды», – дейді министр.


Пенитенциарлықжүйе мекемелерін жаппанй бейнебақылаумен (CCTV) қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «Соқыр аймақты» болдырмайтын үздіксіз бейнебақылау шынайы уақытта  мониторинг жасауды  қамтамасыз етеді, бұл қамауда отырған және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жұмыс істейтін адамдардың құқық бұзушылықтарын есепке алуға, сондай-ақ осындай жағдайлардың себептерін анықтауға мүмкіндік береді.

Министр атап өткендей, қамаудағы ана бір жыл ішінде босатылуы мүмкін болған жағдайда  3 жасқа толған баланың  анасымен бірге түрмеде болу мерзімін ұзарту ұсынылуда, сонымен қатар жаңадан сотталған адамдарды бұрын сотталған және қайталап қылмыс жасайтын адамдардан бөлуді қамтамасыз ету мүмкіндігі қарастырылуда.

Кейінгі сөз сөйлеулер мен пікірталастар үш сессияда өтті: «Қылмыстық-атқару жүйесі: бүгін және ертең» (модератор – Жанна Назарова, Орталық Азиядағы PRI кеңсесінің жетекшісі, ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі), «Пенитенциарлық жүйедегі адам құқықтары жөніндегі халықаралық және ұлттық ұсыныстар» (модератор – Нұрлан Биекенов, полиция полковнигі, Шырақбек Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының басшысы), «Ашық диалог – транспаренттілік пен тиімділіктің кепілі» (модератор – Қуат Рахымбердин, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу бөлімінің басшысы, ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі).

Қазақстандағы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот және қылмыстық атқару жүйесінің реформалары туралы баяндама жасаған балалар омбудсмені Аружан Саин  ІІМ жүргізген реформалар орнықты жетістіктерге қол жеткізгенімен, сот процестеріне қатысатын балаларды қорғауды күшейту және халықаралық стандарттарға толық сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында әлі де көптеген қиындықты  еңсеру керек екенін атап өтті.

Форумның нәтижелерін ҚР ІІМ ҚАЖ төрағасы, әділет генерал-майоры Жанат Ешмағамбетов қорытындылады.