«Қазақстан халқына» қоры қаза болған және жарақат алған балалардың отбасыларына көмек көрсетеді

2022 жылдың 25 ақпанында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті, оның құрамында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин да бар. Отырыс барысында көрсетілетін материалдық көмектің көлемі, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған және жарақат алған балалардың отбасыларына көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

Жаңа 2022 жыл Қазақстанда қайғылы оқиғалармен басталды: қылмыстық элементтердің елдегі саяси жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті қантөгіске алып келді. «Қазақстан халқына» ҚҚ-на Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Республикалық гвардиядан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, сөз қаза тапқан 21 адам, оның ішінде үш бала мен көп балалы ана және  ауыр жарақат алған 94 адам, оның ішінде төрт бала туралы болып отыр.

Қордың шешімі бойынша қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған және ауыр жарақат алғандардың отбасыларына көмек беріледі. Осылайша, мерт болған балалардың отбасыларына және көп балалы ананың отбасына 7 миллион теңге, ал жарақат алған балалардың жақындарына 3 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балалары бар қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған (қаза болған және ауыр жарақат алған) отбасыларға қосымша қайырымдылық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде. Ресми дереккөздерден келген тізімге қарай «Қазақстан халқына» ҚҚ алдағы уақытта да осындай отбасыларға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Қордың мәлімдемесінде: «Қаралы отбасыларға көңіл айтамыз. Жақыныңнан айырылу орны толмас қасірет. Алда мұндай қайғылы оқиғалар қайталанбау үшін еліміз бігіріп, дұрыс қорытынды шығарады деп сенеміз. Әрине, қаза болған адамдардың  орнын еш өтемақы толтыра алмайтынын біз жақсы түсінеміз», – делінген.

Аман болыңыздар!