Омбудсмендер ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2023 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Артур Ластаевтың кездесуі өтті. Кездесу барысында екі Уәкіл арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі (АҚУ) Артур Ластаевтың Алматы қаласына үш күндік жұмыс сапары оңтүстік астананың әкімдігі, прокуратура, ішкі істер департаменттері және қылмыстық-атқару жүйесі басшыларының өкілдерімен кездесуден басталды.

Сол күні Алматы қаласы бойынша АҚУ өкілі Қазыбек Малдыбаевтың қатысуымен Артур Ластаев пен Қазақстан Республикасындағы Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин арасында кездесу өтті, бұл олардың ақпан айындағы онлайн кездесуінің жалғасы болды («Ересектер мен балалардың құқықтарын бірлесіп қорғау»). Кездесу қорытындысының бойынша адам мен баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, атап айтқанда, екі тараптың құзыреті шегінде бұзылған құқықтар мен мүдделерді қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастықтың келесі бағыттары мен нысандары да көрсетілді:

  1. адам мен баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтарды бірлесіп қабылдауды ұйымдастыру;
  2. үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғамның, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік органдардың өкілдері үшін екі тараптың мандатына қатысты мәселелер бойынша бірлескен дөңгелек үстелдер, форумдар, семинарлар өткізу;
  3. халықтың құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыру мақсатында адамның және баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
  4. баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдарға бірлесіп баруды ұйымдастыру кезінде өзара тәжірибе және ақпарат алмасу;
  5. ҰПТ(Азаптауды болдырмаудың Ұлттық превентивтік тетігі) мүшелігіне Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдерін енгізу туралы мәселені қарау;
  6. білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау жүйесінің балалар мекемелеріне профилактикалық бару кезінде салалық мамандарды тартуға жәрдемдесу;
  7. Ұлттық превентивтік тетік қатысушылары мен өңірлік өкілдерді, азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алуға маманданған мамандарды оқыту семинарларына тартуға жәрдемдесу.

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және бала құқықтары жөніндегі уәкіл «Адам құқықтары жөніндегі Хартия» ҚҚ атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен бірге Алматы қаласындағы бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар жазасын өтеп жатқан ЛА-155/6 ДУИС мекемесіне барып қайтты (Райымбек даңғылы, қ. 219б).