Мемлекеттік органдармен хат алмасу

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің сайтында үш айдан бері «Мемлекеттік органдармен хат алмасу» деп аталатын бөлім ашылып, жаңа құжаттармен толықты. Балалардың құқығын қорғау жөніндегі жұмысымыз барынша ашықтықты талап ететінін ескеріп, біз де шенеуніктерге сондай талап қоямыз

Қоғамдық негізде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты 2016 жылғы 10 ақпандағы №192 Президент Жарлығымен құрылды. Мұнда балалар омбудсменінің негізгі мақсаты балалардың құқығы мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық институттармен бірлесіп, олардың бұзылған құқығы мен бостандығын қалпына келтіру болып табылатыны белгіленді.

Біздің өтініштеріміздің негізгі адресаттары Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары, не тікелей Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, не жанама түрде Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Әділет министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, балалардың тіршілігін қамтамасыз етуге қатысы бар Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екендігі түсінікті.

Ал мемлекеттік органдармен хат алмасудың негізгі тақырыптары интернат типтегі мекемелерде (балалар үйінде, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында және т.б.) балаларды асырау шарттары, қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан реформалар – балалар мүгедектігін төмендету және мемлекеттік мәдени және спорттық тапсырыстарды жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша, сонымен қатар, мектептегі тегін тамақтану және жеңілдетілген мектеп формасы жөніндегі балалардың мүддесі үшін ұсынылған реформалар болды.

Ендеше «Мемлекеттік органдармен хат алмасу» бөлімін қарастырамыз.