Ішкі істер министрі балалар жайлы сөз қозғады

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин өз қызметіне байланысты ішкі істер органдарымен, оның ішінде полициямен үнемі өзара әрекеттесуге мәжбүр. Сондықтан  ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Уәкілдің реси сайты арқылы ересектермен  балалар жайлы әңгімелесу ниетін  қолдады…

2021 жылдың 19 мамырында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл: оның проблемалары мен шешімдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ІІМ басшысы былай деді: «Балалар – қоғамның ең осал бөлігі, оларға бақытты және қауіпсіз балалық шақ қамтамасыз ету үшін барлық шара қабылдау біздің міндетіміз»  (видеоны қараңыз). Дәл осы тақырыпты ол 1 маусым қарсаңында да көтерді…

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев: «Балалардың қауіпсіз болашағы – бұл бүкіл қоғамға, сондай-ақ жас ұрпақтың ата-аналары мен туыстарына ерекше назар аударуды қажет ететін проблема. Қазіргі күні әлем түрлі қауіп-қатерге толы. Оның ішінде балаларға қатысты зорлық-зобмылық, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жасалып жатқан қастандық бар. Сонымен қатар, көп жағдайда біз көз алдымызда ойнап жүрген балаға уайымдамаймыз, яғни балаға қараудың маңыздылығын ұмытып кетеміз. Бала жарақат алып, қайғылы оқиғаға тап болған кезде ғана қатты өкінеміз.

Міне, жаз басталады. Ыстық ауа-райына байланысты осал маскит торы бар терезелер ашық қалуы мүмкін. Жақындап келе жатқан суға шомылу маусымы да балалар үшін алаңдаудың бір себебі.  Бүлдіршіндеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар!

Соңғы жылдары балалардың қауіпсіздігі туралы заңнамаға түзетулер енгізілгенін атап өткім келеді. Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді. Баланы қорлаған, ренжіткен, психологиялық немесе физикалық түрде жарақаттағандар  қатаң жазалануы тиіс. Біздің міндетіміз – қорғансыз балаларға қатысты қылмыстармен күресу. Дегенмен ең дұрысы – бәрімізге, мемлекеттік органдарға, қоғамға, мүдделі азаматтар мен ата-аналарға кез келген қылмыстың алдын алу».