Ересектер арасындағы қылмыстың түп-тамырын балалық шақтан іздеу керек

2021 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл: оның проблемалары мен шешімдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Балалардың құқықтарын қорғау – ведомствоаралық міндет» тақырыбында баяндама жасады.

Мақсаты – «балаларды тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктерін жетілдіру, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» деп мәлімделген  іс-шараны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында Алматы қаласындағы Мақан Есболатов атындағы ІІМ академиясы «TALAP»  қолданбалы зерттеулер орталығымен бірлесіп өткізді.

Академия басшысы Айдар Саитбеков пен Орталық директоры Рахым Ошақбаев конференцияның модераторлары болды.

Конференцияны ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев ашты. Ол өз сөзінде 30 жыл ішінде егеменді Қазақстанда Бала құқықтарын қорғаудың Ұлттық жүйесі қалыптасқанын, мемлекет осы саладағы 60-қа жуық халықаралық құжатты  ратификациялағанын атап өтті. Дегенмен осыған қарамастан, балаларға қарсы және  кәмелетке толмағандардың өздері жасаған қылмыстар жайлы статистика алаңдаушылық тудыруда. Сондықтан отбасындағы, мектептегі және көшедегі жасөспірімдер проблемаларын шешу ІІМ-нің негізгі қызметінің бірі болып қала береді.

Осыдан кейін ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев конференция қатысушыларына арнап сөз сөйледі.

Әрі қарай баяндама жасағандар – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова,

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев, Парламент депутаттары, Бас прокуратураның, Қазақстан заңгерлер одағының, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, Алматы қалалық әкімдігінің мүшелері, сондай-ақ, елдің жетекші заңгерлері мен психологтары және т.б.

Конференция барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті реттейтін заңнаманы жетілдіру; кәмелетке толмағандардың экстремистік ұйымдарға тартылуына қарсы іс-қимыл; өмірлік дағдарысқа тап болған кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсету ерекшеліктері сияқты кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Балалар омбудсмені Аружан Саин өзінің 9 минутқа созылған баяндамасын балалар құқықтарының бұзылу фактісіне қатысты  ІІМ, Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы мониторингі агенттігі сияқты құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста болуына мәжбүр екендігін еске салумен бастады. Ересектер арасындағы қылмысының түп-тамыры балалық шақта – балаға қажет жылу, тәрбие, білім бере алмаған отбасы мен мектепте жатыр. ЭЫДҰ зерттеулерінің нәтижесі мемлекеттің балалар тәрбиесіне (бұл академиялық білімге ғана емес, сонымен қатар өнер және спортқа қатысты!) қанша қаражат жұмсағаны экономикалық көрсеткіштерге ғана емес, сонымен қатар елдегі қылмыс деңгейі, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс, суицид және басқа да жағымсыз факторларге ықпал ететінін көрсетеді. Сондықтан мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарға жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу өте маңызды. Себебі бұл балаларға сүйікті спорт және өнер түрлерімен айналысуға, қабілеттері мен таланттарын дамытуға, ал елге лайықты азаматтарды тәрбиелеуге және сапалы адами капитал алуға мүмкіндік береді. Тағы бір мемлекеттік реформа балалар арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге бағытталған. Осы және басқа да міндеттерді шеше алсақ біз шексіз өртті сөндіруді, зардаппен күресуді тоқтататып, мәселені алдын-алумен айналысамыз, себептерін жоямыз. Сөйтіп балалар құқығын, азаматтардың құқығын құрметтеуде біз басқа елдерге үлгі бола аламыз.