Халық мәдениет пен спорт туралы Заңдардың НҚА талқылауда

2021 жылдың 11 ақпанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайтында жарияланып,  бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды.

2020 жылдың 30 желтоқсанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялармен  барынша қамту мақсатында мемлекеттік мәдени және спорттық тапсырыстар мен олардың жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыру тұжырымдамалары заңнамалық тұрғыдан бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Алайда  жалғыз Заң жеткіліксіз болады. Заң 1 мамырдан бастап толықтай жүзеге аса бастауы үшін бізге нормативтік құқықтық актілер қажет (НҚА). Сондықтан, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бастаған жұмыс тобы НҚА жобаларын әзірледі.

Төмендегі сілтемесі бойынша, жобалармен танысуға болады, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарға арналған электрондық пошталардың мекен-жайларын біле аласыз.