«Большая неделя» эфирінде ArtSport реформасы талқыланды

2022 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Хабар» телеарнасында Zoom бейне байланысы арқылы «Большая неделя» ток-шоуының тікелей эфиріне қатысты. Бағдарламада балалар спорты мен шығармашылығын жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша мемлекеттік реформаны жүзеге асыру мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

«Большая неделя» қоғамдық-саяси пікірталас ток-шоуы (жоба жетекшісі – Айгүл Әділова)

 «Хабар» телеарнасынан дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 15.00-де тікелей эфирде шығады.

Бұл жолы бағдарлама жүргізушісі Денис Кривошеевтің студиясына ҚР Парламенті Мәжілісінің (Төменгі палата) Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Екатерина Смышляева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, заңгер, төрт баланың әкесі Амантай Ерғалиев, кезінде Алмалы ауданы әкімдігінің бөлім басшысы қызметін атқарған, қазір – ҚР МСМ Мәдениет комитетінің бас сарапшысы Абылайхан Мұстафа, ArtSport қызмет жеткізушілер қауымдастығының төрағасы Лана Болат, Нұр-Сұлтан қаласы футбол академиясының директоры Қуат Ерғалиев, «Level Up» шығармашылық орталығының жетекшісі Юлия Челнокова мен каратэ-додан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР паракаратэ федерациясының басшысы Мейрамгүл Дукуева келді.

Сонымен қатар, «Ауламыздың чемпиондары» атты ауқымды әлеуметтік-спорттық жобаның жетекшісі Ақтаулық Әсия Ыдырыс та Аружан Саин секілді талқылауға қашықтан қатысты.

Міне, бір жылға жуық уақыттан бері шығармашылық және спорттық мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыру арқылы балалардың әлеуетін дамытуға қолдау көрсетуге шақырған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде балалар спорты мен шығармашылығын жан басына шаққандағы қаржыландыру реформасы жүзеге асырылуда. Алайда қазір миллиондаған бала сүйікті спорт және өнер түрімен айналысуға заңды құқығынан айрылып, ARTSPORT бағдарламасына қатыса алмай отыр. Себебі бүкіл Қазақстан бойынша жаңа қатысушылардың бағдарламаға қосылуы тоқтылған. Сонымен қатар  реформаға тартылған балалардың өзін ары қарай қаржыландыруда да  қиындықтар туындауда…

Оған реформаның бүгінгі таңда қалай жүзеге асырылып жатқанына көптеген қарсы «дәлел» келтіріп отырған шенеуніктер кінәлі.

«Большая неделя» ток-шоу студиясының қонақтары және көптеген баланың ата-анасы егеменді Қазақстанның 30 жылындағы ең елеулі жетістігі деп атайтын реформаны жүзеге асыруда ұжымы көп еңбек сіңірген (әлі де жалғастыруда) Балалар омбудсмені Аружан Саин осы және басқа да маңызды мәселелерді талқылады.

Тікелей эфирдің бейнежазбасы YouTube видеохостингінде https://youtu.be/zC4J0NpaDv4 сілтемесі бойынша қолжетімді.