БҒМ-де «қиын» балалар жайлы сөз қозғалды

2021 жылдың 24 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шердің төрағалығымен және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның қатысуымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің басшыларымен онлайн-кездесу өтті.

Кездесуді Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова ашты. Кездесуге ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің (БҚҚК) төрағасы Есенғазы Иманғалиев және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қатысты.

Баяндама жасағандар:

  • қауіпсіз және жауапты көші-қон туралы – Нина Балабаева, «Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» ҚҚ директоры;
  • жергілікті атқарушы органдардың балаларға қатысты құқық бұзушылық және суицидтің алдын алуға бағытталған жұмысын талдау – Юлия Овечкина, ҚР БҒМ БҚҚК төрағасының орынбасары. Ал Нұр-Сұлтан қаласы, Түркістан және Алматы облыстарының білім басқармалары басшыларының орынбасарлары суицидтің алдын алуға бағытталған  шаралар жайлы ақпаратпен бөлісті;
  • кәмелетке толмағандардың суицидтік әрекеттері кезінде  медициналық көмек көрсету туралы – Николай Негай, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры;
  • кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстарды алдын алуға бағытталған шаралар жайлы – Әсет Оспанов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің бастығы;
  • Қауіп-қатер тобындағы балалармен жұмыс жүргізу бойынша – Елена Петренко, Психологиялық қолдау және қосымша білім беру аймақтық орталығының директоры;
  • «Ризашылық» күніне дайындық жұмыстары жайлы (1 наурыз) – Юлия Овечкина, ҚР БҒМ БҚҚК Төрағасының орынбасары.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин балаларды спортқа,  шығармашылыққа және қосымша білім  алуға баулу жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен суицидті болдырмаудың ең тиімді құралы болуы мүмкін екеніне басты назар аудартты.   Алдын алу шаралары дәл осы бағытта жүргізілуі керек, бұл туралы түрлі деңгейде, тіпті мемлекет басшысына дейін жиі айтып келеді.