Баршаға тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер беретін қоғам

2022 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Zoom бейнеконференцясы арқылы Қазақстандағы Балалар жылына орайластырылған «Баршаға арналған қоғам» атты халықаралық инклюзивті форумда баяндама жасады.

Мақсаты ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін барлық салада (білім беру, әлеуметтік, денсаулық сақтау және т.б.) реформалық бағдарламаларды енгізу болып табылатын іс-шараның ұйымдастырушылары – «Ерекше мерекелер» ҚҚ, «Qorgau» Халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» ҚҚ және «Qorgau» заңгерлер мен медиаторлардың зияткерлік клубы.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығында өткен шараға мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ еліміздің жетекші заң мектептері мен ғылыми мекемелерінің ғалымдары мен оқытушылары, әділет органдарының, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, адвокаттардың, бизнес және кәсіби қоғамдастықтарының, нотариустар мен медиаторлардың, ҮЕҰ және басқа да мүдделі тұлғалардың өкілдері жиналды.

Баяндамашылар қазақ және орыс тілдерінде білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы реформалар, волонтерлік инклюзивті бағдарламалар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімді баспана бағдарламасы туралы айтты.

Шараға жиналғандар Аружан Саинның баяндамасын үлкен ықыласпен қабылдады. Балалар омбудсмені білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларындағы, сондай-ақ мәдениет және спорт саласындағы балалардың құқықтарын қорғау бойынша реформаларды жүзеге асырудағы проблемаларға тоқталды.

Атап айтқанда, балалық шақтағы мүгедектікті азайтуға бағытталған реформа тоқтап қалды. Ерте диагностика және қойылған диагноздарға ерте көмек көрсету қажеттілігі жайлы әртүрлі деңгейде жылдар бойы айтылып келеді, осы мақсатта жергілікті атқарушы органдар өз өңірлеріндегі медициналық ұйымдарды скринингтік тексерулерге қажетті барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге міндетті – алайда ештеңе өзгерген жоқ. Бұл жағдайға балаларға көмек көрсетуі тиіс мемлекеттік органдардардың, яғни Денсаулық сақтау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық бытыраңқылығы кедергі келтіруде. Тіпті, 2021 жылдың сәуір айында ДСМ, БҒМ және ЕжХӘҚМ ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі жобалық кеңсенің құрылуы да әлі қажетті нәтиже бермей отыр.

Тек ресми статистика бойынша елімізде 80 мыңнан астам бала мүгедек ретінде тіркелген. Сондықтан ерте оңалту процесін орнату өте маңызды. Оған қоса оңалту толық көлемде қамтамасыз етілі тиіс және оңалту барысында әрбір баланың қажеттілігіне назар аударылып, әр баланың жеке нәтижесімен жұмыс істеу керек. Бұл қажеттілігі бар барлық баланың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді, осылайша ғана мектеп оларға тиісті білім бере алады. Қандай да бір себептермен бала жалпы білім беретін мектепке бара алмаған жағдайда арнайы білім беретін мекемелер жоғары деңгейде жабдықталуы керек – техникамен де, мамандармен де.

Бұл балаларға арналған шығармашылық үйірмелер және спорт секцияларына жан басына шаққандағы қар­жыл­андыруды енгізу реформасына да қатысты. 2021 жылдың мамыр айында жұмысын бастап, жыл соңына дейін 600 000-нан астам баланы қамтыған ArtSport реформасы бүгінгі күні «тоқтап қалды». Оған жергілікті шенеуніктердің түрлі сылтаумен қасақылық істеуі себеп болуда. Осылайша, олар балалардың мемлекет есебінен спортпен, өнермен айналысуына бөгет жасап отыр.

БҰҰ классификациясы бойынша нашар дамыған елдердің қатарына кіргіміз келмейтін болсақ  Балаларымызға, Еліміздің болшағына деген немқұрайлы көзқарасты түбегейлі өзгертуіміз керек!