Балаларды спортқа баулу – мемлекеттік мақсат

2021 жылдың 26 ақпанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі балалардың спорт секцияларына қатысуын жан басына шаққандағы мемлекеттік қаржыландыру мәселесі бойынша заңға тәуелді актілер жобасының ресми топтамасын құрып,  уәкілетті орталық және жергілікті атқарушы органдардың қарауына жіберді.

2020 жылдың 30 желтоқсанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялармен  барынша қамту мақсатында мемлекеттік мәдени және спорттық тапсырыстар мен олардың жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыру тұжырымдамалары заңнамалық тұрғыдан бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Бірақ заң толық жұмыс істей бастауы үшін нормативтік құқықтық актілер қажет (НҚА). Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бастаған жұмыс тобы екі ай бойы НҚА әзірлеу жұмыстарымен айналысты.  Ақыры,  11 ақпанда НҚА жобалары балалар омбудсменінің ресми сайтында жарияланып,  қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Көптеген түзетуді ескере отырып құрылған спортқа қатысты бес құжаттың жиынтығын ҚР МСМ  уәкілетті орталық және жергілікті атқарушы органдардың қарауына жіберді. Құжаттардың өзекті нұсқаларымен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады:  https://bala-ombudsman.kz/vnedrenie-podushevogo-finansirovaniya-dlya-razvitiya-detskogo-massovogo-sporta-i-tvorchestva/.

Дегенмен құжаттарды жетілдіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Қажет болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардың ескертулерін ескере отырып,  өзгерістер енгізіледі.

Мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа қатысты НҚА жобалар жиынтығына да  үлкен өзгерістер енгізіледі…