Бала Отанына оралды

Осы аптада Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі анасы Түркияға алдап алып кеткен Ақтөбелік 16 жасар қызды елге қайтарды.

Аружан Саинның Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымындағы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – балалар құқықтарының бұзылуы фактілері бойынша азаматтардың және қоғамдық ұйымдардың өтініштерімен жұмыс істеу  Балалардың құқығын қорғау – ересектердің ардақты міндеті»).

Күні кеше кәмелетке толмаған Нағима Б. (аты-жөні өзгертілді) Түркиядан Отанына оралуға көмектесуді өтініп, балалар омбудсменіне жүгінген, сонымен қатар қыздың әкесінен де жазбаша өтініш түсті. Өтініштен 16 жастағы Нағиманы анасы алдамшы тәсілмен Түркияға алып кетіп, қыздың еркінен тыс Ыстамбұл аудандарының біріндегі шағын жекеменшік оқу орнына орналастырғаны белгілі болды. Сондай-ақ осы уақыт бойы Нағиманың құжаттары мұғалімнің қолында, жылы киім-кешек, аяқ киім, тіпті жеке қажеттіліктеріне ақшасы да жоқ болған. Ол бөтен елде тұрғысы келмейтінін, отбасын қатты сағынын (екі інісі бар), туған-туыстарымен байланысы жоқ екенін, анасының қарызын өтеу үшін сол жаққа күштеп тұрмысқа шығып кете ме деп қорқатынын жазған.

Бұл ақпаратты алған балалар омбудсмені кәмелетке толмаған қыздың көмекке мұқтаж екенін және оны тез арада Қазақстанға қайтару керектігін айтып, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасына шұғыл түрде хат жолдады.

ОАМ мен СІМ сұранысты барынша жауапкершілікпен және тиімділікпен орындады.  Түркиядағы дипломатиялық қызметкерлеріміздің үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзімде Б.Нағиманың тұрғылықты жерін анықтап, жергілікті билікпен бірлесе отырып (Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиевке және Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулы Әлім Байелге ерекше алғыс білдіреміз), оны оқу орнынан алып кетуге мүмкіндік туды.13 қазанда қыз Отанына оралды.

Өкінішке қарай, қазақстандық балаларды алдамшы жолмен шетелге алып кеткен жағдайлар аз емес. Барлық жағдай осылай аяқталса жақсы…