Аутизм мәселелері онлайн талқыланды

2021 жылдың 2 сәуірінде 2008 жылдан бастап, жыл сайын атап өтіліп келе жатқан Дүниежүзілік Аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату  күніне арналған «Аутизм: мақсаттар, мәселелер, шешімдер» атты онлайн-конференция өтті. Конференция БҰҰ мен Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен өткізілді.

2015 жылдың 25 қыркүйегінде БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде 193 елдің өкілі 17 жаһандық мақсатты қамтитын «Әлемімізді өзгерту: 2030 тұрақты дамудың күн тәртібі» атты қорытынды құжатты қабылдады, оның бірі 8-ші Мақсат. Лайықты еңбек және экономикалық өсу – барлығына, оның ішінде мүгедектерге үздіксіз және ауқымды экономикалық өсуді, толық жұмыспен қамтуды және лайықты жұмыс жасауға ықпал етеді деп жариялайды. 

Алайда бүкіл әлемді шарпыған COVID-19 коронавирустық пандемиясы халықаралық экономиканың 1929-1933 жылдардағы Ұлы депрессиядан кейінгі ең ауыр дағдарысты бастан өткертіп, миллиондаған жұмыс орындарының жоғалуына әкелді. Екінші жағынан, қашықтан жұмыс жасау және жаңа технологияларды қолдану аутизм спектрі бұзылған (АСБ) адамдарға осыған дейін  дәстүрлі жұмыс жағдайында пайдалану қиын болған мүмкіндіктер берді.  

Осы және басқа да мәселелер Дүниежүзілік Аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне арналған «Аутизм: мақсаттар, мәселелер, шешімдер» онлайн-конференциясында қаралды.

БҰҰ-ның Жаһандық коммуникация департаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самек,  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов және іс-шараның модераторы болған Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин конференцияға қатысушыларға арнап сөз сөйледі.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Қазақстандағы аутизмнің қазіргі жағдайы туралы мәлімдеді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ клиникалық мамандықтар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Қорлан Сәдуақасова Қазақстанда аутизм, оның дифференциалды диагностикасы және бейімсіздік мәселесіне заманауи тәсілдер қалай қолданылатыны жайлы айтты.

Кейінгі баяндамалар АСБ балаларды оңалтудың практикалық тәжірибесіне арналды: «Аутизм. Әлем барлығы үшін бір» – Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының бағдарламасы, АСБ диагностикасы мен интервенциясында тиімділігі дәлелденген практиктердің халықаралық тәжірибесіне негізделген» (баяндамашы – «Асыл Мирас» Алматы аутизм орталығының жетекшісі Елена Кузембаева),

«Балаларына көмектесу үшін ата-аналар қалай бірігеді. «Ерекше өмір» аутизмді әлеуметтік бейімдеу және педагогикалық түзету орталығының тәжірибесі (баяндамашы – Көкшетау қаласындағы «Ерекше өмір» ҚҚ жетекшісі Әлия Ракумбекова), «Жалпы білім беру ортасында аутизмге шалдыққан балаларды оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» (баяндамашы – «Болашақ» КФ «Әр бала мектепке лайықты» жобасының үйлестірушісі Жазира Ескендірова), «Аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналарының мемлекеттік қолдау шараларынан болжамы» (спикер – «Ashyq Alem» ҚҚ жетекшісі Әлия Арқарова).

«Аутизмді жеңеміз!» жобасында АСБ балалармен жұмыс жасауда мол тәжірибе жинақталған. Осыған байланысты конференцияға қатысушыларды  «Аутизмді жеңеміз!» орталығы мамандарының сөзіне үлкен қызығушылық тудырды – психолог Салтанат Кубеева («Аутизмді жеңеміз!»жобасында АСБ балаларды ерте диагностикалау және түзету),психолог, менталды арифметика  маманы Айгүл Бижанова  («АСБ балалармен карантин жағдайында жұмысжасауға арналған онлайн-алаң») және психолог Әйгерім Қадырбекова («Аутизмді жеңеміз!» жобасында Tomatis терапиясын қолданудың практикалық тәжірибесі).

Конференцияны аяқтар алдында балалар омбудсмені  Аружан Саин Қазақстанның аутизмді ерте диагностикалау және тиімді абилитация жолындағы орасан зор жетістіктерін атап өтіп, ғылымның дамуы ақыр аяғында АСБ шығу тегінің барлық құпиясын ашады және әлемді осы аурудан толықтай арылтады деген үміт білдірді.