Алматы қ-сы Қоғамдық кеңес отырысында балалар құқығын қорғау мәселесі талқыланды

2022 жылдың 28 қазанында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин «Балалық шақтың құқықтарын қорғау: миф және шындық» тақырыбында өткен Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі №5 комиссиясының кеңейтілген отырысына қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа 2022 жылмен құттықтауында 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады: «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін. Бұл жылды тек ұрандатып немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз».

Осыған байланысты Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі No5 комиссиясының кеңейтілген отырысына (модератор – Рафаэль Гасанов) қатысушылардың назары тәрбиеленушілердің балалар үйіне қайтарылу себептерін, патронаттық отбасыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігін, кәсіби патронат отбасылар институтын енгізу және осы санаттағы балалар үшін мекемелердің өзін түбегейлі реформалау мәселелерін талқылады.

Осы тақырып бойынша Алматы қаласы Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Жанна Тасирова (15.06-дан бастап төменгі сілтеме бойынша көруге болады)мен «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті Марианна Гурина баяндама жасады (1:05.03-тен  бастап).

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин (30.07-ден бастап)қатысушылардың назарын қорғаншылық және қамқоршылық органдарындағы кадр мәселесіне – сандық және сапалық жағына аударуды жөн санады. Бұл мәселені мүмкіндігінше тезірек шешу өте маңызды, себебі бұл балаларға теріс әсер етуде.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҮЕҰ-мен бірлесіп, интернаттық мекемелердің қызметін жақсарту мақсатында заңнамалық түзетулер әзірлеп жатқанын айтты. Түзетулердің мәні мынада: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тек уақытша тұрғылықты жері болуы керек, осылайша әрбір балаға нақты іс-қимыл бағдарламасы жасалады: демек бала биологиялық отбасына оралады немесе отбасымен жұмыс жасау мүмкін болмаса, ол асырап алушы отбасына орналастырылады.Бұл әрекеттер балааталмыш мекемеге түскеннен кейін бірден басталуы керек, жауапкершілікті қорғаншылық органдарына аудармай, бірлесіп әрекет ету маңызды. Баланы туыстарының қамқорлығына берудің БАРЛЫҚ нұсқасы сыналған соң және бұл әрекеттер сәтті болмаған жағдайда ғана балалар үйлеріне жіберу керек. Балалар үйі – ең ақырғы амал.  Бірақ қазірдің өзінде жергілікті атқарушы органдар интернаттардағы жағдай тұрғын үй жағдайына барынша жақын болу қажеттілігін қадағалауы керек.

Кәсіби патронаттық отбасылар (фостерлік) институтын енгізу көп жыл бойы интернаттық мекемелерді пана еткен балалардың әлеуметтенуі мен жеке дамуы тұрғысын айтарлықтай жақсартады және кеңейтеді.Бала қалыпты ортада толыққанды өмір сүруі керек, ол барлығымен бірге қарапайым мектепте білім алуы қажет. Қазір балалар үйіндегі 5 мыңға жуық бүлдіршін ата-анасын күтіп отыр. Алдағы уақытта заңнамалық түзетулер енгізіледі деп үміттенеміз.

Сондай-ақ Балалар омбудсмені балалардың бұзылған құқықтарына қатысты сот шешімдерінің орындалуын қадағалау бойынша өзінің тікелей міндеттерін орындамайтын Алматы қаласы прокуратурасының әрекеттеріне ерекше назар аударды.

Қорытындылай келе, Балалар омбудсмені балалардың құқықтарын, әсіресе жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау тақырыбын үнемі қозғап жүрген Рафаэль Гасановқа алғысын білдірді.Рафаэльдің өзі балалар үйінің түлегі, сондықтан ол осы жиында қаралған барлық мәселенің қаншалықты маңызды екенін басқалардан жақсы біледі.

Талқылауға Балалар омбудсменінен бөлек Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрайымы Алтынай Көбеева, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Бибігүл Асылова, ҚР ОАМБҚҚК төрағасы Насымжан Оспанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Уәкіл Нәбиев пен Айжан Сқақова, Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жан-Сая» дағдарыс орталығының директоры Зүлфия Байсақова, «Кеңес» кешенді оңалту орталығының жетекшісі Майра Сүлеева, Қазақстанның SOS балалар ауылдарының өкілі Лия Левицкая, Алматы қаласы әкімі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі қалалық комиссияның мүшесі Айгүл Шөпшекбаевақатысты.

Талқылау нәтижесінде орталық органдарға балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, баланы қамқорлыққа алған отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін жүйелі шешу, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мониторинг пен әлеуметтік қолдаудың кейбір мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға беру, әлеуметтік қызметкерлер штатын ұлғайту, патронаттық отбасыларды кәсіби қолдаудың жеке алгоритмін әзірлеу және басқа да мәселелер. Сондай-ақ талқыланып жатқан тақырып бойынша бірқатар тәуекел анықталып, алдағы уақытта олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Кездесудің бейнежазбасын Independ.kz ақпараттық порталының YouTube арнасынан мына сілтеме бойынша көруге болады: https://youtu.be/9js2MLiJTr8.