Адам құқықтары жөніндегі комиссияда балалардың құқықтарын қорғау

2022 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына онлайн-конференция режимінде қатысып, негізгі баяндамаға қысқаша түсініктеме берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығымен құрылды және қазіргі уақытта оның қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы №1042 Жарлығымен бекітілген Комиссия туралы ережемен реттеледі.

Оған сәйкес, Комиссия (дәйексөз) «Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепілдiк берiлетiн адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкілеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады».

2021 жылдың 18 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Комиссия құрамына Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл Аружан Саин енді.

2022 жылғы 25 қарашада Астанадағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің мәжіліс залында өткен кеңесті Комиссия төрағасы Игорь Иванович Рогов жүргізді.

Алдымен Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды, ҚР Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Рустам Жүрсінов басты баяндамашы болды.

Өз сөзін балалар омбудсмені 2020 жылы мемлекет басшысына интернаттық мекемелердегі балалардың жағдайына талдау жасалған және мәселелердің шешу жолдары көрсетілген хат табыстағаны туралы бастады: «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында бірлесіп жүргізілген «Qamqor» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында  азық-түлік тауарларын нарық бағасынан әлдеқайда жоғары бағамен сатып алу, тауарлардың тапшылығы, тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің тиістілігі, қайырымдылық жолмен келген қаржының есепке алынбауы және орналастырылмауы, балалардың ақшасын кедергісіз шешіп алу, тауарлар мен материалдардың электронды есебінің болмауы, жетім балалардың мүлкіне билік ету ережелерінің жоқтығы және осы сияқты тағы бірқатар құқық бұзушылық расталды. Ал сот-тергеу тәжірибесін талдау бұл құқық бұзушылықтардың барлығы қылмысқа дейін аталған мекемелер мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарылғанымен, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне кәсіпкерлік субъектілері ретінде енгізілгендіктен мүмкін болғанын көрсетеді. Демек бұл кенеттен тексерулер жүргізуге мүмкіндік бермейді! Балалардың өздері шағымдана алмайды: олардың көпшілігі өз құқықтарын түсінбейді және білмейді, олар мекеме әкімшілігіне толығымен тәуелді, сондай-ақ бала әлі тым кішкентай болса немесе есту, көру, сөйлеу, ақыл-ой қабілеті төмен болса, ол қалай өтініш береді?

Сонымен қатар, мүгедектер саны қорқынышты қарқынмен өсуде! 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елімізде 705 029 мүгедек (19 миллион 246 мың адам) бар, оның 101 587-сі 18 жасқа дейінгі балалар. 2010 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2 еседен астам өскен! Тек 2021 жылдың өзінде 13 131 балаға алғаш рет мүгедектік диагнозы қойылғанын Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният 2022 жылғы 5 шілдедегі үкімет отырысында мәлімдеді.

Балалар омбудсмені мұндай апатты көрсеткіштің басты себебін «жергілікті жерлердегі қолданыстағы заңдар мен НҚА сақталмауынан, сондай-ақ балалар блогының негізгі үш министрлігі – білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастықтың орталық органдар деңгейінде де, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде де жоқтығынан көреді. Медициналық-әлеуметтік көмек көрсету – бейімсіздік және оңалту бойынша НҚА мен стандарттарды қайта қарау қажет. Себебі олар мүлде жоқ (ал қағаз жүзінде бәрі керемет – ақша бөлінген, тіпті игерілген), не   толық көлемде немесе қажетті сапада емес болып шығады.  Нәтижесінде балалар саңырау, соқыр, қимылсыз болып, ата-аналар мен мемлекет тарапынан тұрақты қамқорлық пен қомақты қаржылық шығындарды талап ететін мүгедектер армиясын толтыруда».

Енді үшінші – ARTSPORT реформасы. Мемлекеттік спорт пен шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы қаржыландыруға енгізуге үлкен үміт артылған еді.  Себебі бұл реформа балаларға мемлекет есебінен тегін, сүйікті спорт және өнер түрлерімен айналысуға, олардың қабілеттері мен дарындарын дамытуға, ал елімізге лайықты азаматтарды тәрбиелеп, сапалы адам капиталын алуға мүмкіндік береді.

«Алайда біз тағы да алға қойылған міндеттердің, қабылданған заңдар мен НҚА орындалмауына тап болдық. Өңірлерде балалар спорты мен шығармашылығын жан басына шаққандағы қаржыландыруға басынан бастап мүлде жеткіліксіз қаржы бөлінді. Бүкіл 2022 жыл біз ата-аналар және қызмет көрсетушілермен бірге балалардың сүйікті спорт және шығармашылық түрлерімен тегін айналысу құқығы үшін күрестік деуге болады. Әкімдіктер реформаға ақша жоқ дейді, бірақ сонымен бірге кәсіби спорт клубтары мен жалған мәдени іс-шараларды ARTSPORT қажеттіліктерінен әлдеқайда асып түсетін көлемде қаржыландыру жалғасып жатқанын көріп отырмыз! Сонымен бірге шенеуніктер реформа төңірегінде орасан зор жалған әңгіме айтуда. Ал Бас прокуратура шын кінәлілерді жазалаудың орнына жергілікті биліктің жетегіне еріп, өз әрекетімен адал қызмет көрсетушілердің жұмысына тосқауыл қоюда. Нәтижесінде балалар зардап шегіп отыр!»- деді балалар омбудсмені».

Төраға Комиссияның басқа да мүшелері Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл көрсеткен фактілерді мұқият зерделеп, тиісті ұсыныстар беретініне уәде етті.