Ересектер балаларға қарсы жасалған қылмыстарды талқылады

2022 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин онлайн режимінде «Балаларға қарсы қылмыстар: жыныстық зорлық-зомбылық, кибербуллинг, синтетикалық есірткі және басқа да қауіптер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференциян Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясының ұйымдастырумен өтті. Форумға Халықаралық полиция академиялары қауымдастығының өкілдері (INTERPA), заңгер-ғалымдар, сот-медициналық сарапшылар, сот-психиатрлары, желілік заңгерлер, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, Қазақстанның (Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Қазақстан Республикасы ЖС жанындағы Сот төрелігі академиясы, Қазақстан Республикасы БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы), сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің мамандандырылған жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты (Өзбекстан Республикасы ІІМ академиясы, Қырғызстан Республикасы ІІМ академиясы, Palestine college for police sciences, РФ ТК Мәскеу академиясы, РФ ІІМ Басқару академиясы, РФ ІІМ Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты, РФ ІІМ Орал заң институты, РФ ІІМ Уфа заң институты және РФ ІІМ Шығыс Сібір институты).

Онлайн/офлайн форматында өткен конференция аясында келесі мәселелерді қамтитын жиырмадан астам баяндама талқыланды:

– балаларды қорғау мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру;

– кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың процессуалдық кепілдіктерін жүзеге асыру мәселелері;

–балаларға қарсы Интернеттегі кибербуллинг және басқа да қылмыстарды тергеуде сот-медициналық қолдау;

– телекоммуникация желілерін, соның ішінде Интернетті пайдалану арқылы балаларға қарсы жасалған қылмыстарға қарсы тұру;

– жыныстық зорлық-зомбылыққа, буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстың ерекшеліктері, зорлық-зомбылықтың психологиялық зардаптарын жою;

– педофилияға бейім адамдардағы психопатологиялық ерекшеліктер.

Конференцияда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжанов, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробарт, Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы Артур ван Дизен, Өзбекстан Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік университетінің басшысы, полковник Мирзаюсуп Рустамбаев, Қарағанды ​​облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеров және Қазақстан Республикасындағы Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин сөз сөйледі.

Балалар омбудсмені өз сөзін жиналғандардың барлығына бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыс айтудан бастады. Екінші жағынан, балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресу туралы айтқанда, оның СЕБЕПТЕРІН білуіміз керек – бұл жайт біздің қоғамда неліктен көбейіп бара жатыр, деп жалғастырды ол. Әрине, полиция, прокуратура, сот, психологтардың жұмысы маңызды, бірақ бұл салдармен жұмыс. Ал бізге себептерді жою керек! Балаларға қалағанына жетуге мүмкіндік беру үшін мемлекеттік саясатты өзгерту керек. Бірде бір бала есейгенде әйелiн, бала-шағасын ұрып-соғуды, зорлық-зомбылық жасауды, ұрлық жасауды армандамайды. Мұндай әрекеттер адамда өсе келе пайда болады. Біз білім беру сапасын арттыру арқылы – мектепке дейінгі білім беруден бастап толық орта білімге дейін, балалар спорты мен шығармашылығын мемлекет тарапынан жан басына шаққандағы қаржыландыруды реформалау, кәмелетке толмағандарға психологиялық және психотерапевтік көмек көрсететін қоғамдық орталықтарды құру арқылы жүйені өзгертуіміз қажет. Тек осындай жағдайда өскен балалар ғана зорлық-зомбылыққа жол бермейтін қоғам құра алады. Ал қазір осы қылмыстармен жазаның бұлтартпастығы арқылы күресуге болады.

Конференцияға ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясының қызметкерлері – Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Олжас Сейітжанов және ғылыми-зерттеу, баспа және баспа жұмысын ұйымдастыру басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Жанат Құсайынов модераторлық етті.