Болашақ ғалымдар мен инженерлер ғарыш айлағында

2022 жылдың 9 тамызында Байқоңыр ғарыш айлағына мектеп оқушыларының үлкен тобы – «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары келді. Олар үндемелі блоктары бар тасығышзымыран мен ғарыш аппаратының ұшырылуына куә болды. Бұл сапарды ҚРЦДИАӨМ Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саинның бастамасымен ұйымдастырды.

Бүгінде әлемде жиырмадан астам ғарыш айлағы бар, бірақ «Байқоңыр» ең көне және аумағы бойынша ең үлкен (6717 шаршы км!) айлақ болып қала беруде. Дәл осы жерден, Қазақстаннан 1957 жылдың 4 қазанында Жердің тұңғыш жасанды серігі ұшырылды. Осы жерден 1961 жылы 12 сәуірде бортында Юрий Гагарин бар «Восток-1» ғарыш кемесі ұшырылды, ол әлемде бірінші болып Жерді айналып өтті.

Бүгінге дейін ғарыш айлағынан 5000-ға жуық ұшырылым жүзеге асырылды – бұл басқалармен салыстырғанда анағұрлым көп! Жыл сайын мұнда ғарышқа орта есеппен жиырмаға жуық зымыран ұшырылады. Солардың бірі «Фрегат» үндемелі блогы бар «Союз-2.1б» тасығыш-зымыраының және «Хайям» Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратының (Иран) ұшырылуы болды. Дәл осы кезде Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның бастамасымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары – мектеп оқушыларының үлкен тобы келді.

Болашақ ғалымдар, конструкторлар мен инженерлер министр Бағдат Мусинмен бірге келді. Олар ең дарынды, ақылды, еңбекқор, ізденімпаз жастар қашанда сұранысқа ие болған және бола беретін ғарыш саласының болашағы зор және ғылымды қажет ететін бағыт екенін өз көздеріңмен көріп, бағалай алды.

Болашақ ғалымдар, конструкторлар мен инженерлер ең талантты, ақылды, еңбекқор және ізденімпаз жастар әрқашан сұранысқа ие ғарыш саласының қаншалықты келешегі зор және ғылымды қажет ететінін өз көздерімен көріп-бағалау үшін министр Бағдат Мусинмен бірге келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі «Жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру. Отаншылдық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттер дәріптелуі керек» деп атап айтқан еді.

Президент Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары алдында сөйлеген сөзінде «…бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті, техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Біз инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын тәрбиелеуіміз керек», – деді.

Қазақ даласында ғарыш кемелерін жобалап, құрастырып, ғарышқа ұшырғандарды, Байқоңыр ғарыш айлағын жобалап, салғандарды ерекшелендіретін – білімге деген құштарлық, оның үстіне бұл ойбағамдық, жаңашыл білім емес, тәжірибелік білім. Сондықтан «Байқоңыр» бүгінгі күні бүкіл әлемге танымыл және біз оны мақтан тұтамыз.