Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

2021 жылдың 18 мамырында ҚР  бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин  Мемлекет басшысының 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Қазақстан жаңа нақтылықтаәрекет ету уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтікмәдени даму комитетінің «Бұқаралық және балалар спортын дамытусаламатты ұлтты қалыптастыру негізі» тақырыбында өткен онлайнкездесуіне қатысты.

 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Қазақстан жаңа нақтылықта: әрекет ету уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Қолжетімді әрі сапалы білім» атты V бөлімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былай деді: «Өскелең ұрпақтың спорттық және шы­ғар­машылық әлеуетіне аса назар аудару қажет.  Қаржы тапшылығы кезінде мемле­кет бюджеті есебінен кәсіби спорт клуб­тарын толықтай қамтамасыз ету­дің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квази­мем­лекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?! Әкімдердің жұмысын осы өлшем бойынша да бағалаймыз».

ҚР Парламенті Мәжілісі (төменгі палата) Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетова модераторлық еткен кездесу дәл осы тақырыпқа арналды. Кездесу ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Балаим Кесебаеваның сөзімен ашылып, Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың елдегі бұқаралық спорттың дамуы туралы баяндамсымен жалғасты.

Қарағанды ​​және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары Абзала Нүкенов пен Әлішер Мархабат осы аймақтардағы спорттық инфрақұрылымды құру және оның халыққа, соның ішінде балаларға қолжетімділігі, сондай-ақ қаражатты кәсіптік спорттан бұқаралық спортқа қайта бөлу жайлы мәлімдеді.

Қазақстан мектеп спорт федерациясының бас директоры Зейнулла Ақан мектеп спорты дамуының өзекті мәселелері жайлы айтты. «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ директоры Нұргүл Ұлжекованың өз сөзін ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар арасында бұқаралық спортты дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларына арнады.

Өз кезегінде Уәкіл балалар бұқаралық спорты мен шығармашылығын дамыту үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу барысында тап болған бірқатар проблема жайлы айтты. Ең басты қиындық – бұл түрлі министрлік пен  ведомстволардың жігерсіздігінде, олардың арасындағы келісімнің жоқтығы,    жергілікті атқарушы органдардың қасақаналық танытуы. Сонымен қатар, ол балаларды спортпен қамту бойынша ведомстволар арасындағы статистикада сәйкессіздік бар екенін айтты. Аружан Саин атап өткендей, Қазақстанда 6 миллион 120 мың бала тұрады, Қазақстанның барлық аймағы бойынша 4,5 миллионнан астам бала өзгертілген заңнамаға кіреді: «Өңірлер көрсетіп отырған цифрларға қалай ашуланбайсың? Мен бұл туралы Президентпен кездесу барысында мәлімдедім. Олардың шығармашылық және спорттық тапсырыстар бойынша  жоспарларындағы  бала санының қаншалықты аз екенін өздеріңіз көріп отырсыздар». Соңында ол депутаттардан қабылданған заңның орындалуын ерекше бақылауға алуды сұрады: «Өңірлерді балаларға ақша бөлуге мәжбүрлеу керек. Аймақтар ұсынған кез келген  цифрды,  әсіресе егер бұл цифр балаларға қатысты болған жағдайда  нақты растауды талап етулеріңізді өтініп сұраймын».

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Динара Зәкиева, Вера Ким және Жәмилә Нұрманбетова кездесудің нәтижелерін қорытындылады.