«Жанұя» балалар үйіне бару жайлы

2020 жылдың 2 қарашасында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Ләззат Жылқыбаева және Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Жанұя» мамандандырылған кешеніне барып қайтты. 

«Жанұя» мамандандырылған кешені – жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беретін балабақша мен түзету мектеп-интернаты.

Кездесу барысында балалардың тұрмыстық жағдайын жақсарту,  білім сапасын арттыру үшін оқу материалдарымен жабдықтау мәселелері талқыланды. Мекеме тәрбиеленушілерінің  дұрыс тамақтануына ерекше көңіл бөлінді. Мекеме аумағында балалар мен қызметкерлер арасында аурудың алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі және қорғаныс құралдарының қажетті қорымен қамтамасыз етілуі тексерілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Бабақұмаров Алматы қаласының білім басқармасы мен «Жанұя» мамандандырылған кешені басшылығына бірқатар нақты тапсырмалар берді.