Вебинар тақырыбы – «Аутизмді жеңеміз» жобасы балаларының үлгісінде томатис-терапиясының сөйлеу, зейін және логика дамуына әсері»

«ДОМ» қоғамдық қоры «Аутизмді жеңеміз» жобасы аясында 2024 жылдың алғашқы вебинарын өткізеді. Вебинар тақырыбы – «Аутизмді жеңеміз» жобасы балаларының үлгісінде томатис-терапиясының сөйлеу, зейін және логика дамуына әсері».

Вебинар 26 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 10.30-да өтеді, тілі – орыс. Баяндамашы: Қадырбекова Әйгерім Маратқызы, психолог.

🌍Конференция идентификаторы: 757 3359 3066.

🌍Қолжеткізу коды: g072ZH

🌍Қосылу үшін сілтеме: https://us04web.zoom.us/j/75733593066…

Вебинарға АСБ (РАС) бар балалармен жұмыс істейтін мамандар, психологтар, тәрбиешілер, ПМПК мамандары, психология факультетінің студенттері және АСБ бар балалардың ата-аналары шақырылады. Вебинарға қатысу тегін.

Вебинарлар сериясы «ДOM» ҚҚ Бас серіктестігі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен өткізіледі. Вебинарлардың мақсаты – аутизм туралы хабардарлықты арттыру және аутизм спектрінің бұзылуынан зардап шеккен адамдардың өмір сапасын жақсарту.

Өткен вебинарлардың жазбалары біздің арнада қолжетімді: https://www.youtube.com/@user-xb7rd7he1s/videos