Үкімет балалар спорты мен шығармашылығын талқылады

2021 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның қатысуымен мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарына жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу мәселелері бойынша үкіметтің онлайн-отырысы өтті.

Отырысты ашқан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 2021 жылдың 1 мамырынан бастап, «Мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы заңына сәйкес шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізілетіні жайлы мәлімдеді.

Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 2 ақпанындағы No 15-р қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне (МСМ) сегіз бұйрық қабылдау тапсырылды:

1. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты үйлестіру және пайдалану ережесін бекіту туралы;

2. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың ережелерін бекіту туралы;

3. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың Әдістемесін бекіту туралы;

4. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін анықтау ережесін бекіту туралы;

5. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секцияларда мемлекеттік спорттық тапсырысты үйлестіру және пайдалану ережесін бекіту туралы;

6. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секцияларды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың ережелерін бекіту туралы; 

7. Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың Әдістемесін бекіту туралы;

8. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секциялардың рейтингін анықтау ережесін бекіту туралы;

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов осы бұйрықтар бойынша жасалып жатқан жұмыс жайлы есеп берді.

Содан кейін Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі (ЦИАӨМ), Білім және ғылым (БҒМ), Ұлттық экономика (ҰЭМ) және Қаржы (ҚМ) вице-министрлеріне нақты сұрақтар қойды:

— ЦИАӨМ:

МЦРИАП: Мемлекеттік тапсырысты іске асыру бойынша жұмыс МСМ, БҒМ, ҚМ, ДСМ мен әкімдіктердің электрондық жүйелерін біріктіруді қажет етеді. Бұған қанша уақыт және қандай ресурстар керек?

— БҒМ: БҒМ-нің «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін біріктіру бойынша қандай жұмыс атқарылды?

— ҚМ и ҰЭМ: Сіздермен  НҚА бойыша, атап айтқанда жан басына қаржыландырудың әдістемесі бойынша жұмыс жасалды ма?

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төмендегіні міндеттеді:

1. МСМ берілген ескертулерді ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын жүзеге асыруға бағытталған

Премьер-Министрдің тапсырмасын уақтылы орындауды қамтамасыз етуді; 

2. МСМ БҒМ және әкімдіктермен бірлесіп, а.ж. 5 наурызына дейін шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларына бару қажеттілігін анықтауды,   сонымен қатар қызмет көрсетушілердің мүмкіндіктерін бағалауды;

3. МСМ Алматы қаласы, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, а.ж. наурыз айының соңына дейін мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарға апробация жүргізуді;

4. МСМ әр он күн сайын Премьер-Министр Кеңсесіне жобаларды әзірлеу бойынша жұмыстардың барысы туралы ақпарат беріп отыруды