СІМ-де азаматтардың құқықтары талқыланды

2023 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бейнеконференцбайланыс режимінде ҚР Сыртқы істер Министрлігі жанындағы «Адами өлшем бойынша диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының отырысына қатысып, азаматтардың теңдік, кемсітпеу және елді басқаруға қатысу құқықтары талқыланды.

ҚР СІМ жанындағы «АӨДА» ККО отырысын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ашып, Мемлекет басшысы бастамашылық еткен саяси реформалар аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

Содан кейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет жиналғандарға Қазақстандағы ұлттық азшылықтардың діни бостандығы мен құқығы саласындағы заңнаманы жетілдіруге арналған егжей-тегжейлі баяндама жасады.

Азаматтық қоғамнан екеуі сөз сөйледі. Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис ұлттық заңнама тұрғысынан кемсітушілік мәселесіне шолу жасап, осы саладағы озық шетелдік тәжірибені айтып, нақты ұсыныстар жасады. Ал «Қадір-қасиет» ҚБ сарапшысы Венера Шайдулина баяндамасын мемлекет ісін басқарудағы әйелдердің араласуымен болған жағдайға арнап, әйелдер құқықтары жөніндегі жеке сот құруды ұсынды.

Ашық және сындарлы сипаттағы пікірталасқа Аружан Саин да араласты. Балалар омбудсмені өз кезегінде бала құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша бірнеше құнды ұсыныстар мен кеңестер айтып, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро бастамаларын қолдайтынын айтты.

ҚР СІМ жанындағы «АӨДА» ККО отырысына ҚР Парламенті Сенатының (жоғарғы палатасының) депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, Конституциялық және жоғарғы соттардың, мүдделі министрліктер мен агенттіктердің, қазақстандық құқық қорғау және жастар ҮЕҰ өкілдері, сонымен бірге, алаңның қонақтары – (ЕҚЫҰ, БҰҰДБ) сынды халықаралық әріптестердің және елшілік өкілдері (Тәжікстан, Нидерланды және Германия) қатысты.