Қазақстанның жас дарындары – Австриядағы көрмеде

12-16 қыркүйек аралығында Австрияның астанасы Вена қаласында «One world. New generation»мәдени-көпшілік іс-шаралар апталығы аясында «Жануарлар – менің достарым!» және «Менің жасыл планетам» республикалық экологиялық сурет байқауы жеңімпаздарының сурет көрмесі өтті. Қазақстанның он дарынды баласы Қазақстанның Австриядағы Елшілігі мен «EduStream» халықаралық компаниясының қолдауымен Еуропаға барып қайтты.

«Жануарлар – менің достарым!» және «Менің жасыл планетам» байқаулары ҚазақстанРеспубликасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қамқорлығы аясында, ҚР Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл Аружан Саинныңбастамасымен 2020 жылы өткізілген еді. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткен бастама БҰҰ қоршағанортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП),  ҚР Білімжәне ғылым және ҚР Мәдениет және спорт министрліктерінің, «Балалар Әлемді Бейнелейді» және «Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қорларының қолдауымен ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың негізгі ойы – қоғамның жануарларға деген санасын өзгертіп, кез келген қатыгездікке ымырасыздық танытуға тәрбиелеу.

— Байқауға қатысушылардың саны мен географиясы, келіп түскен шығармалардың терең мағынасы біздің балалардың бойындапланетағы және қоршаған ортаға деген қамқорлық туралы тұрақты түсінік бар екенін көрсетеді. Сондай-ақ, балалардың Қазақстан Республикасы Үкіметіне жолдаған ашық үндеуіндегі тілектерімен пікірлерін назардан тыс қалдыруға болмайды!Мемлекет басшысының, үкіметтің, халықаралық ұйымдардың,  бизнес өкілдерінің – демеушілер мен серіктестердің орасан зор қолдауының арқасында байқау шын мәнінде жалпықазақстандық сипат алды. Жануарларға қатыгездік танытуға және жерімізді ластауға жол берілмеу керектігітуралы балалардың айтқан пікірі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде оң әсерінтигізетіні сөзсіз, – деді балалар омбудсмені Аружан Саин.

Венадағы көрменің ашылуына орай Қазақстанның Австриядағы Елшісі Қайрат Умаровтың қатысуымен мерекелік кеш ұйымдастырылды. Жеңімпаздардың туындыларын бірқатар елдің елшілері, Вена магистратының және білім саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері бағалай алды.Балалардың Австрияға сапарының бастамашысы –«EduStream» компаниясының дайындаған бағдарламасы мәдени іс-шараларға толы болды: ICDO(International Cultural Diversity Organization)бағдарламасы аясында Түрік мәдени орталығында картиналар көрмесі өтті, демеушінің тіл мектебінде шеберлік сабақтар өткізілді, Вена қаласына және оның төңірегінесаяхат және т.б.

—Балаларды тәрбиелеу мәдениет пен өнерді ескергенде ғана толық болады. Қоршаған әлемге деген сүйіспеншілікке баулуды бала кезінен бастау өте маңызды. Қазақстанның білім беру саласындағы жаңашыл ретінде әрекет ететін біздің компания мектеп оқулықтарын әзірлеу кезінде жалпы адамзаттық құндылықтарды және өсімдіктер мен жануарлар әлеміне құрметті қамтитын әлемдік стандарттарға сүйенеді, – деді «EduStream» компаниясының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

Еске сала кетейік, «Жануарлар –менің достарым!» және «Менің жасыл планетам» атты балалар суретінің республикалық байқауына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 6000-нан астам бала қатысты.Балалар эссе және бейнероликтермен толықтырылған әсерлі суреттерінжіберіп, бәрімізді жануарларға деген көзқарасты өзгертуге, оларға қамқорлық

танытуға шақырды.