Қазақстандық балаларға Польшадан гуманитарлық көмек келді

2020 жылыдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинға гуманитарлық көмек табыс етілді – Любомирский князьдарының қайырымдылық қорынан 10 ноутбук және Wipasz компаниясының 3000 дана көп мәртелік қорғаныс маскасы.

Аружан Саин ТЖ және COVID-19 коронавирус пандемиясы кезінде отандастарына қолдау көрсеткені үшін Алматыдағы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің жетекшісі Ерлан Ысқақовқа ризашылығын білдірді. 

Жіберілген компьютерлер қашықтан оқытуға жабдықтары жоқ балаларға табысталады.  Масканың партиясы (1000 маска) «Я Алматинец» ҚБ арқылы азық-түлік қоржындарымен бірге, сондай-ақ, «Милосердие» ерікті қоғамы» ҚҚ қамқоршылығындағы ұйымдарға (500 маска) беріледі. Тағы 1500 маска «Ұлттық еріктілер желісі» ұйымы арқылы Нұр-Сұлтан қаласындағы мұқтаж жандарға таратылады.