Қазақстан және Өзбекстан балалар омбудсмендерінің кездесуі

2022 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Өзбекстаннан келген әріптесі – Олий Мәжіліс Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің (омбудсмен) орынбасары – Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Әлия Юнусованы қабылдады. Бір жарым сағат бойы балалар омбудсмендері екі елге ортақ проблемаларды, соның ішінде балаларға арналған сенім телефонын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың 2019 жылғы 22 сәуірдегі «Бала құқықтарының кепілдіктерін одан әрі күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығына сәйкес, Өзбекстанда тұңғыш рет Олий Мәжілісте Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің (омбудсмен) орынбасары – Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы белгіленді.

Ал 2020 жылдың 26 ​​ақпанында Өзбекстан Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасының отырысында (парламент) бұл лауазымға 58 жастағы Әлия Юнусова тағайындалды.

Ол алғашқы күннен бастап Өзбекстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 ақпандағы «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғауды күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы» №ПҚ-4185 Жарлығына және Министрлер Кабинетiнiң 2019 жылғы 30 қыркүйектегі «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік жетімдігін болдырмаудың баламалы нысандарын таңдау және жүйені басқаруды жетілдіру жөніндегі шаралар, отбасы институтын нығайту және жетім балаларды орналастыру туралы» №824  қаулысына сәйкес,  Өзбекстанда қабылданған деинституционализация бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға кірісті.

Уәкілдің тікелей қатысуымен Өзбекстанда 2021 жыл Жастарды қолдау және халықтың денсаулығын нығайту жылы деп жарияланды. Сол жылдың 9 тамызында Мемлекет басшысы «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің түбегейлі жаңартылған жүйесін енгізу шаралары туралы» қаулыға қол қойды. Ол кезде республикада 16 Мехрибонлик үйі мен төрт балалар қалашығы жұмыс істеп тұрағ еді. Алайда жыл соңына дейін жеті Мехрибонлик үйі және үш балалар қалашығы өз жұмысын тоқтатып, 1184 бала отбасын тапты – балалар асыранып немесе қамқорлыққа алынған, сонымен қатар жақын туыстарына берілген.

Анықтама үшін: Өзбекстан Республикасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеменің бірнеше түрі бар: туғаннан 3-4 жасқа дейінгі балалар үшін – бөбектер үйі, 3 жастан асқан балаларға – «Мехрибонлик» үйлері, балалар қалашығы және SOS балалар ауылдары. Сонымен қатар, психофизикалық ауытқулары бар балаларға арналған «Муравват» балалар үйі-интернаттары бар.

Өзбекстанның Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылдан бері Өзбекстанның тұрақты халқының саны 3 миллионнан астам адамға өсіп, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 35 271 276 адамды құрады. Сонымен қатар, 0-ден 19 жасқа дейінгі балалардың үлесі 37% (шамамен 13 млн. адам) құрайды және бұл үлес жылдан жылға артып келеді. Бұл таңқаларлық емес, өйткені соңғы үш жылда Өзбекстанның туу көрсеткіші рекордтық көрсеткішке ие болуда: 2019 жылы 768 мың, 2020 жылы 842 мың, 2022 жылы 905,2 мың бала дүниеге келген.

Кездесу соңында Аружан Саин мен Әлия Юнусова тәжірибе алмасуды жалғастырып, екі елдегі балалар мен олардың отбасыларының жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларын қолдауға келісті.