Аружан Саин «Ел бірлігі – 2020» сыйлығының лауреаты атанды

12 желтоқсанда Алматыда мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, меценаттар мен кәсіпкерлерге жыл сайынғы «Ел бірлігі» сыйлығын табыстау  рәсімі өтті. «Жастарға жол» ҚҚ-ның  5 жылдығына орай сыйлықпен марапатталғандардың қатарында Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин да бар.

Лауреаттардың әрқайсысы, яғни осы жолғы 26 лауреат,  «Жастарға жол» ҚҚ мен «Қазақстан балалар үйі түлектері қауымдастығының» бастамаларын қолдап, балалар үйінің түлектеріне өмірге қадам басуға – баспана табуға және жұмысқа орналасуға көмектескен.

«Түлектер жұмыс істеуі керек. 2019 жылы балалар үйінің түлектерін тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету біздің басты басымдылығымыз болды. Енді келесі жылы біз қиын өмірлік жағдайға тап болған түлектерді қоғамға әлеуметтендіру мәселесіне назар аударамыз. Біздің міндетіміз – түлектердің өмірде жетістікке жету үшін ынта мен адал еңбек керек екенін білуі», – деді марапаттау рәсімі кезінде «Қазақстан балалар үйі түлектері қауымдастығының жетекшісі Рафаэль Гасанов.


1 Comment

Автор комментария · 30.01.2021 at 12:02

Привет! Это комментарий.
Чтобы начать модерировать, редактировать и удалять комментарии, перейдите на экран «Комментарии» в консоли.
Аватары авторов комментариев загружаются с сервиса Gravatar.

Comments are closed.