Полиция академиясындағы бір күн

2022 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Полиция академиясындағы бір күн» атты ғылыми-тәжірибелік іс-шараға қатысты. Уәкіл қатысушылар алдында сөз сөйлеп, конкурстық іс-шараларға қазылар алқасының төрағасы ретінде қатысты.

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ең көне оқу орны: 1956 жылы Қазақ КСР Алматы арнайы орташа милиция мектебі ретінде құрылған (ААОММ). 1991 жылдың шілде айында ол КСРО ІІМ Алма-ата жоғары мектебіне, ал Қазақстан егемендік алғаннан кейін ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебіне айналды. Ал 1999 жылдың маусым айында бірнеше қайта құрудан өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы құрылып, 2017 жылдың ақпанында академияға 1973-1980 жылдары – Қазақ КСР Ішкі істер министрі, 1980-1991 жылдары – ААОММ басшысы болған генерал-майор Мақан Есболатұлы Есболатовтың есімі берілді.

Өз өмірлерін азаматтардың құқықтарын қорғауға арнауды арман еткен  Алматы қаласының мектеп, гимназия және лицейлерінің 30 оқушысы жұма күні осында жиналды. Аружан Саин мен академия басшысының орынбасары, полиция полковнигі Жанат Ділбарханов өз сөздерінде құқық тәртібін және қоғамдық тәртіпті күзететін құқық қорғау қызметкері мамандығының маңыздылығын атап өтті.

Алматы Академиясының кафедралары (Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасы, Жедел іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасы, Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, ІІО кәсіби психологиялық дайындау және басқару кафедрасы) мен ІІМ басқармаларының (Экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды даярлау орталығы, Есірткі қылмысына қарсы күрес мамандарын даярлау жөніндегі ведомствоаралық орталық, Киберқылмыспен күресу бойынша мамандарды даярлау орталығы) таныстырылымынан кейін байқау басталды.

Қатысушылар әскери төсекті жинау, Калашников автоматы (АК) мен Макаров тапаншасын (ПМ) бөлшектеу және құрастыру, арнайы жеке қорғаныс құралдары және белсенді қорғаныспен жұмыс істеу, самбо күресі мен ұстау тәсілдерін орындау және т. б. дағдыларын көрсетуі керек болды.

Балалар омбудсмені төрағалық еткен қатаң қазылар алқасы әрбір сынақты келесі айқындама бойынша 3, 4 немесе 5 ұпаймен бағалады: интуиция, тәртіп,  топтағы үлкеннің ұйымдастырушылық қабілеті, уақыт әрекеті, топтың үлкеннің нұсқауларын дұрыс орындай білуі, ынтымақ, топтық жұмыс. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанып, әр қатысушыға сертификат берілді.