Педагогтердің тамыз конференциясы

2021 жылдың 19 тамызында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 4-19 тамыз аралағында өткізілген «Білім мен ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының қорытынды пленарлық отырысына онлайн режимде қатысты.

Іс-шара ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың сөзімен ашылды, атап айтқанда: «Эпидемиологиялық жағдайға байланысты тамыз конференциясы онлайн режимінде өтті. 75 секциялық отырыста 500-ге жуық баяндама ұсынылды, 100 мыңнан астам әріптесіміз қатысты. Сессияның барлық бейнежазбасы біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда және Youtube каналында қол жетімді. Он мыңдай сұрақ және ұсыныс түсті. Оларды болашақта міндетті түрде ескереміз».

Іс-шарада баяндама жасағандардың қатарында  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім мен дағдылар жөніндегі департаментінің басшысы Андреас Шляйхер, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің (БҚҚК) төрағасы Есенғазы Иманғазиев және білім беру саласының басқа да өкілдері бар.  

Конференцияның бағдарламсымен сілтеме арқылы танысуға болады, ал жалпы отырыстың толық жазбасын көру үшін төмендегі сілтемені басыңыз: