Патронаттық тәрбиешілерге нақты көмек

Бұл жаңалық отбасыларында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін барлық патронаттық тәрбиешілерді қуантады (бүгінде шамамен 2000): ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 150 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы маусымнан бастап, оларға ай сайынғы берілетін төлем 120 750 теңгені құрайды.

Былтыр жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларда қиындықтар туындады: олардың ай сайынғы төлемдері айтарлықтай қысқарып (төмендегі кестеге қараңыз), 58 000 теңгені құрады. Оның үстіне бұрын есептелген және төленген ақшаны қайтару талап етілді!

Оған Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» бұйрығындағы өзгерістер себеп болды.

Патронаттағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны (жылдар бойынша):

201020112012201320142015201620172018201920202021
2 2672 2672 1621 9471 8201 8391 8621 9002 2321 9821 7511 816

Жағдайға Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин араласуға мәжбүр болды. Ол Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке жүгініп, патронат тәрбиешілердің төлемін 35 АЕК (120 мың теңге) дейін көтеруді және «Патронаттық тәрбие туралы ережеге» өзгерістер енгізіп, патронаттық тәрбиешілерді «Педагог лауазымдарының тізбесіне» енгізуді сұрады.

Барлығын бұрынғы қалпында қайтару, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен оларды тәрбиелеп отырған адамдарың жағдайын жақсарту үшін бұл мәселе Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен пысықталды. Өкінішке қарай  мақұлдау процессі өте баяу болды, ал төлемдердің мөлшері және т.б. отбасылардағы тәрбиеленушілердің өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін мұндай мәселелерде шешімнің жылдам қабылдауы өте маңызды.

Жаңа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы бекіту үдерістерін тездету үшін хабарласуға тура келген Премьер-министр Әлихан Смайыловтың қолдауының арқасында негізгі мәселе шешілді!

«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 150 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырда № 32617 болып тіркелді) бұдан былай патронат тәрбиешілерінің қызметтері әлеуметтік аударымдарды есептеуді ескере отырып, айына отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленетін болады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК 3 450 теңгені құрағанын ескерсек, ай сайынғы төлемдер 120 750 теңге болатынын есептеп шығару қиын емес.

Азық-түлік, киім-кешек, аяқ-киім, білім және басқаның бәрінің бағасы үнемі өсіп жатқанда, бұл көп ақша емес екені анық. Дегенмен…