Мүмкіндігі шектеулі балаларға шектеусіз білімберу

2022 жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқу-тәрбие процесіне қосу: тарихы, проблемалары және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар алдында сөз сөйледі.

Екі күнге созылған конференция РММ «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының»30 жылдығына арналды. АИББДҰҒПО директоры Айгерім Күдеринова шараның модераторы болды.

Конференцияға қатысушыларды Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова мен педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Центр САТР» ЖШС бас директоры Роза Сүлейменова қарсы алды.

Роза Айтжанқызы АИББДҰҒПО ізашары – ҚР Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 31 наурыздағы No 305 қаулысы және ҚР Білім министрлігінің сол жылғы 30 сәуірдегі No 200 бұйрығы негізінде құрылғанПсихикалық және физикалық дамуында ақаулары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіптік оңалту республикалық орталығының ұйымдастырушысы және бірінші басшысы болған еді.

Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Норвегия, Ресей және Финляндия мамандарының қатысуы бұл конференцияға халықаралық сипат берді.

Конференцияның сессияларында «Білікті кадрларды даярлау баршаға арналған білім сапасын арттырудың шарты», «Бағалаудың заманауи тәсілдері мен талаптары,балаларды дамыту, оқыту және тәрбиелеу бойынша кеңес беру», «Мектепке дейінгі және мектептегі арнаулы білім беруді дамытудың мәселелері мен болашағы», «Инклюзивті тәжірибе: мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдай жасау және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету тәжірибесі» және «Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің заманауи тәсілдері» сынды өзекті тақырыптар талқыланды.

Айтпақшы, 2021 жылы өткен конференцияның материалдарын сілтеме бойынша жүктеп алуға болады.