Мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғауға алу

2020 жылдың 27 қарашасында «Милосердие» ерікті қоғамы» ҚҚ кеңсесінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің  кездесуі өтті.

Төрт сағатқа созылған кездесу барысында, басқа мәселелермен  қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 20 тамызындағы № 2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған  Жол картасын іске асыру бойынша жобалық кеңсе құру расталды.

Әрине, бұл мәселе ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты, дегенмен кез келген жағдайда шешім шығару үш министрліктің – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ведомствоаралық өзара әрекеттесуіне байланысты.  Сондықтан мониторинг орталығы болатын және осы Жол картасының әрбір тармағын жүзеге асыруға көмектесетін жобалық кеңсе аса қажет.   Осы жерде әлеуметтік қорғау министрлігінің балаларымыз үшін өте маңызды іске қосқан үлесін ерекше атап өту керек.

Өз кезегінде, вице-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызметтерді одан әрі жаңғыртудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарының жобасы жайлы хабарлады. Бұл әлеуметтік саладағы көптеген мәселені шешуге мүмкіндік беретін үлкен қадам.

Барлық медициналық-әлеуметтік мекемені тіркеу, әлеуметтік қызметкерлерді сертификаттау, олардың жалақысын көтеру, қызметтерді алушыға қарай бағыттау және тағы басқа көптен күткен мәселелер ақырында ресми түрде рәсімделеді.  Арнайы әлеуметтік қызметтер саласын жан басына шаққандағы  қаржыландыруға көшіру әдісі қазірдің өзінде дайын.