Құқық қорғау қызметі

Құрметті ата-аналар, қамқоршылар  (баланың заңды өкілдері), егер қандайда бір жағдайда  балаңыздың денсаулық сақтау саласына  қатысты  құқықтары бұзылды деп санасаңыз, онда сіз:

  1. мәселені шешу және баланың құқықтарының бұзылуын жою үшін алдымен балалар мекемесінің әкімшілігіне немесе емхананың (аурухананың) бас дәрігеріне хабарласыңыз;
  2. егер әкімшілік немесе бас дәрігер жеткілікті уақыт ішінде мәселені шешу үшін ешқандай шара қолданбаған жағдайда тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша аудандық денсаулық сақтау бөліміне өтінішпен (шағыммен) жүгініңіз (міндетті түрде жазбаша түрде!). Олар 15 күннің ішінде сізге жазбаша түрде жауап қайтаруы тиіс;
  3. егер қандай да бір себептермен алынған жауаппен келіспеген немесе қанағаттанбаған жағдайда  аудандық денсаулық сақтау бөлімінің жауабының көшірмесін қосып, республикалық маңызы бар облыстың / қаланың денсаулық сақтау басқармасына жүгінуіңіз керек (міндетті түрде жазбаша түрде!);
  4. егер бұл жауаппен келіспеген немесе қанағаттанбаған жағдайда ары қарай саты бойынша ҚР Денсаулық сақтау Министрлігіне  жазбаша түрде жүгінуіңіз керек;
  5. егер аталған уәкілетті органдардың бірде-біреуі сіздің мәселеңізді шеше алмаған және баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете алмаған жағдайда сіз бірінші сатыдағы сотқа жүгіне аласыз (жалпы юрисдикция немесе мамандандырылған);
  6. жоғарыда аталған кез келген кезеңде сіз баланың құқықтарын қорғау үшін  прокуратураға жүгінуге құқылысыз. Ескерту: бастапқыда сіз өзіңіздің ауданыңыздың прокуратурасына жүгінесіз.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну үшін:

• өтінішті (шағымды) кеңсеге өзіңіз әкеле аласыз;

• өтінішті (шағымды)  табыс етілгені туралы хабарлама беретін тапсырыс хатбен жібере аласыз;

• өтінішті (шағымды) азаматтарға арналған электронды Үкімет порталы арқылы жіберуге болады (egov.kz).  

Назар аударыңыз!

Денсаулық сақтау бөлімдері мен Басқармаларының атауы әр аймақта әр түрлі болуы мүмкін. Уәкілетті мемлекеттік органдардың байланыс мәліметтерін Қазақстан Республикасының облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктерінің ресми сайттарында табуға болады:

https://egov.kz/cms/ru/information/state_agencies/political_division

Егер барлық өтінішіңізден кейін ешқандай шара қолданылмаса немесе мемлекеттік органдардың әрекеттері баланың құқықтарын қорғау үшін жеткіліксіз деп санасаңыз барлық өтініштер мен оларға берілген  жауаптардың көшірмесін қосып,  Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі Уәкілге жазбаша түрде жүгіне аласыз.

МАҢЫЗДЫ!

Егер жағдай өте қиын болса және басынан бастап Уәкілдің жеке бақылауын қажет етсе  Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкілмен тікелей жазбаша түрде байланысуға болады:

E-mail: info@bala-ombudsman.kz
WhatsApp: +7 (777) 678-75-90 (тек хабарламалар үшін)

Нормативтік-құқықтық база:

Қазақстан Республикасының Конституциясы – 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы – ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы – ҚР 2020 жылғы 7 шiлдедегi №360-VI ҚРЗ Кодексі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі – ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 қаулысымен

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №ҚР ДСМ-46/2020 бұйрығымен өзгертілді