MektepOnline тегін білім беру платформасында қазақ тілінде жаңа форматты география сабақтары пайда болды

MektepOnline білім беру платформанын бірінші сабақтары екі жыл бұрын шықты, ал бүгінгі кезде қазақстандық мектеп оқушыларының жақсы көмекшісіне айналды. Бұл мектеп бағдарламасына сәйкес қазақ және орыс тілдеріндегі математика, алгебра, физика, химия және геометрия сабақтары құрастырылған веб-сайт және YouTube арнасы.

Еліміздің өңірлерінде көбіне мұғалімдер жетіспейтін пәндер осылар. Платформаны ұйымдастырушылар – мектеп оқушыларының ата-аналары мен мұғалімдер.

«Платформаны жасай отырып, біз өз алдымызға балаларымыздың мектеп бағдарламасының негізгі пәндері бойынша сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етуді мақсат етіп қойдық. Балалардың орналасқан жері мен қабілетіне қарамастан мектеп бағдарламасының негізгі пәндері бойынша сапалы білімге қол жеткізуін тілектеспіз. Балаларымыздың сауаттылығын арттырудың маңызды шарттарының бірі – халықтың барлық топтары үшін білімнің қолжетімді болуы деп түсінеміз», – дейді ұйымдастырушылар.

«YouTube желісіндегі алғашқы сәтті шығарылымдардан кейін біз оқушылар мен олардың ата-аналарынан көптеген кері байланыстарды көрдік, біраз уақыттан кейін біз YouTube-тен алғашқы 100 000 жазылушы үшін алғашқы күміс түймемізді алдық – бұл біз үшін күтпеген қуаныш болды. «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен біз әртүрлі тақырыптар бойынша, соның ішінде балаларға арналған білім беру мазмұны бойынша 4 мыңнан астам бейнесабақ түсіріп, арнаға орналастырдық.

Қазірдің өзінде біздің қоржынымызда YouTube-тің 2 күміс түймесі, 600 мыңнан астам жазылушы және барлық арналарда 38 миллионнан астам қаралым бар, жақында біз қазақ және орыс тілдерінде география арнасын аштық.