Мәслихаттардан ерекше сұраныс болады

2021 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Алматы қаласы мәслихатының депутаттары – «Мен алматылықпын» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Константин Авершин және еліміздің мақтанышы, Қазақстанның шахматтан екі дүркін чемпионы Жансая Әбдімәлікпен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – балаларды шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялармен барынша қамту мақсатында мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар мен олардың жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыру тұжырымдамалары заңнамалық тұрғыдан бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енгеннен кейін 2021 жылдың 1 мамырынан басталатын тиісті реформалардың мәнін талқылау.

Балалар омбудсмені нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) әзірлеудің және оларды қызмет көрсетушілермен – бүгінгі күні ата-аналардың ақшасы есебінен балалармен жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлермен талқылаудың,  нормативтік құқықтық актілерді үкіметте насихаттау ахуалының нәтижелерімен бөлісіті. НҚА мақұлданғаннан кейін маңызды рөл мәслихаттарға тиесілі болады, өйткені мәслихат депутаттары жергілікті бюджетті бекітеді, сондай-ақ олар әкімдіктердің балаларды секциялар және үйірмелермен қамтамасыз етуге жеткілікті қаражат бөлуін бақылауы тиіс.

Жансая мен Константин кәсіби спортшылар бола тұра, спорт пен өнердің балалар өміріндегі және жалпы адамның жеке тұлға болып қалыптасуындағы мәнділігін, бұл реформаның елде сапалы адами капиталды тәрбиелеу үшін маңыздылығын жақсы түсінетіні сөзсіз. Сондықтан екі тарап балаларды мемлекеттік бюджет есебінен спорт секциялары және көркемөнер үйірмелерімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ұстанымдары толық сәйкес келгендігін қуанышпен атап өтті.