Кәмелетке толмағандарды қылмыскерлер мен қылмыстан қорғау жолында

2021 жылдың 3 маусымында Zoom платформасындағы бейнеконференция режимінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның ҚР ІІМ  Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясының курсанттарымен кездесуі өтті. Балалар омбудсменінің презентациясы әйел  тергеушілерді отбасылар мен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды тергеуге дайындаудың теориялық және практикалық негіздеріне арналды.

Бұл іс-шара әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Академия басшылығының бастамасымен өтті.

Кездесуді ашқан академия басшысы, полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов өз сөзіне былай деді: «Соңғы 7 жылдың ішінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 5 есеге,  кәмелетке толмағандардың жыныстық жуыспаушылығына қатысты  құқық бұзушылық көлемі 35% төмендегені байқалуда. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейін төмендету жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған бірқатар заңнамалық және ұйымдастырушылық шараны жүзеге асыруда. Кәмелетке толмағандар істері және балаларды қорғау бөлімдерінің саны екі есеге жуық өсті, әйелдер мен балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты тергеу үшін әйел тергеушілерді мамандандыру енгізілді».

Кездесу барысында Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен және «Милосердие» ерікті қоғамы» ҚҚ  директоры ретіндегі өз жұмысының ерекшеліктерімен бөлісті және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда кездесетін негізгі мәселелерге тоқталды. Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған жыныстық қылмыстар, балалар суициді, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері көтерілді. Балалар омбудсмені өз сөзінде зорлау құрбандарының жеке басына қатысты ақпаратты құпия ұстау, олардың қорғалу құқығының маңыздылығын айрықша атап өтті.Уәкіл  кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу қылмыс деңгейін төмендетудің негізгі жолы деп санайды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар балалардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар ұсынысты іс жүзінде жүзеге асыру үшін ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.