Инклюзивті білім беруді дағдылы жайтқа айналдыру

2022 жылдың 3 наурызында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин Caspian University ректоры Жолдасбек Нүсеновтың шақыруымен «Инклюзивті білім беру қоғамды дамыту және ізгілендіру жолы ретінде» тақырыбында өткен халықаралық дөңгелек үстелге негізгі баяндамашы ретінде қатысты.

Ертеректе Қазақстандық экономика және құқық институты және Каспий қоғамдық университеті деп аталған Caspian University білім беру саясатында инклюзивті білім ерекше орын алады.

Caspian University Тұлға және кәсіби өсу орталығының директоры, психология ғылымдарының докторы Жәмила Намазбаева өз сөзінде бұл саясаттың, сондай-ақ бүкіл дөңгелек үстелдің мәнісі жайлы айтты:  «Әр адам үшін психологиялық кедергілерді жеңу және стереотиптік пікірден арылу – қоғамды ізгілендірудің маңызды қозғаушы факторларының бірі екенін түсіну өте маңызды. Егер барлық бала кішкентай кезінен, балабақшадан бастап бірге оқыса, «ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы» деген ұғымның өзі жойылады, өйткені әр баланың қажеттілігі әртүрлі…».

Өз кезегінде балалар омбудсмені Аружан Саин мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға бағытталған реформалар жайлы айтып, балалар арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге бағытталған реформаның қандай қиындықтарға тап болып жатқанына тоқталды. Реформаның жүзеге асуына денсаулық сақтау, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ведомствоаралық ынтымақтастығының нашарлығы кедергі келтіріп отыр. Тіпті 2021 жылдың сәуірінде құрылған Жобалық кеңсе де мәселені шеше алмауда…

Симптоматикалық түрде – «Біз мемлекетті алға жылжытатын кішкентай бұрама тәріздміз», – деп атап өтті «Кеңес» кешенді оңалту орталығының директоры Майра Сүлеева.

Тәжірибелік баяндамалар жиынтығында Қазақстан, Украина, Ресей және Оңтүстік Кореяның педагогтары, психологтары, мамандандырылған балалар мекемелерінің басшылары мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Caspian University ұстаздары мен студенттері инклюзивті білім берудің түрлі мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.