Дағдарыс және төтенше жағдайларда балалардың құқықтарын қорғау

2022 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Дағдарыс және төтенше жағдайларда жабық мекемелердегі зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұрудың басты назарында баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау» атты ақпараттық онлайн-семинарға қатысты.

Білім беру жүйесіндегі жабық мекемелердің басшылары мен қызметкерлеріне арналған онлайн семинарды «Қазақстан балалар қоры» қоғамдық қорының директоры және Халықаралық балалар қорлары қауымдастығының вице-президенті Эльвира Ватлина жүргізді. Сонымен қатар ол ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сәлемдемесін жеткізді.

Ары қарай баяндама жасағандар:

  • «Бала құқықтары. Халықаралық стандарттар мен БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының жалпы қағидаттары» – Роза Ақылбекова, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы (АҚмЗСЖҚХБ) директорының орынбасары, «Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі» Қазақстан ҮЕҰ жұмыс тобының үйлестірушісі;
  • «Дағдарыс және төтенше жағдайлар кезінде жабық мекемелердегі балаларды бақылау және медициналық көмек көрсету» – Гүлжахан Абдулаева, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кардиохирургиялық реанимация, интенсивті терапия және анестезиология бөлімшесінің анестезиолог-реаниматологы, азаптаулардың алдын алудың ұлттық алдын алу тетігі мүшесі (ҰАТ);
  • «Жабық мекемелердегі баланың құқықтары мен мүдделерін сақтау» – Гүлмира Қуатбекова, құқық қорғаушы, АҚмЗСЖҚХБ сарапшысы.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғаудың бірқатар проблемалық мәселесіне тоқталды, олар – балаларға қарсы жасалған қылмыстар (физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық, қорқыту және кибербуллинг, нашақорлыққа тарту, бала саудасы және т. б.), балаларға арналған интернаттық мекемелерді деинституционализациялау және бала күтімінің баламалы, отбасылық, нұсқаларына көшу, балалардың бұқаралық спорты мен шығармашылығын дамыту үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу реформасы (ARTSPORT), балалардың мүгедек көрсеткішін төмендету реформасы және т. б.