Бaқытты бала – бақытты ел

2021 жылдың 31 мамырында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің (ОКҚ) алаңында «Балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі туралы» және «Бақытты бала – бақытты ел» атты екі баспасөз конференция өтті. Оның біріне Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қатысты.

Жазғы демалыс басталды. Дәл осы кезеңде балалардың қауіп-қатерге тап болу ықтималдығы күрт артады – үйде (тұрмыстық химикаттармен улану, электр тоғының соғуы, ашық терезелерден құлап кету, от және шанышқылы, кескіш құралдарды салғырт пайдалану), аулада, алаңдарда және саябақтарда (тексерілмеген аттракциондар, қаңғыма жануарлар), жолдарда (автомобиль және теміржол) және суда (өзендерде, тоғандарда, көлдерде). Шарын шатқалында орын алған қайғылы оқиға осыған дәлел – сел салдарынан бір мұғалім мен 11 жасар оқушы мерт болды, сонымен қатар ата-аналар, мұғалімдер мен оқушылар арасынан тағы алты адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті…

Балалардың қауіпсіздігі жайлы сөз сөйлегендер – ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк, БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық және паразитарлық іс-шараларының басқармасының басшысы Турлиев Занғар, ДСМ  Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерді санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының бас сарапшысы Басманова Индира.

Содан кейін «Бақытты бала – бақытты ел» атты  екінші конференция өтті. Негізгі спикерлер – БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев, БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина, Нұр-Сұлтан қаласының №85 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Ерсұлтан Сарқытбай, Нұр-Сұлтан қаласының №59 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Арайлым Шокенова.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин өз сөзін қандай да бір себептермен мемлекеттік жүйе қабілетсіз болған жағдайда  азаматтар және ҮЕҰ балалар құқығының бұзылуына қатысты өтініштерінің статистикасынан бастады (https://youtu.be/p4ai8akmTUc 14.50-ден бастап, соңына дейін қараңыз): 1 жыл 10 айдың ішінде 667 өтініш келіп түскен, 2021 жылы келген 113 өтініштің көбі қаралды, 90 өтініш өндірісте. Өтініштердің сипаты әртүрлі: мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын бұзу, медициналық көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, білім беру мекемелеріндегі қызметтерді шешу немесе әлеуметтік қызметтерге көмек көрсету, алимент, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар…

Осы өтініштерді талдау мемлекеттік деңгейде шешуді қажет ететін жүйелік проблемалар бар екенін көрсетеді. Мысалы, ДСМ, БҒМ және ЕХӘҚМ арасындағы ведомствоаралық өзара әрекеттестіктің Жобалық кеңсесін құруға үлкен үміт артылуды, себебі бұл балалар арасындағы мүгедектікті айтарлықтай төмендетеді. Тағы бір проблема – академиялық білім берумен қатар, шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларға баулу арқылы балаларды тәрбиелеу. Сондықтан қазір мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарға жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу өте маңызды. Себебі бұл балаларға сүйікті спорт және өнер түрімен айналысып, өз қабілеттері мен дарынын дамытуға, ал елге лайықты азаматтарды тәрбиелеуге және сапалы адами капиталды алуға мүмкіндік береді. Үшінші жүйелік мәселе – балаларға арналған, мекемелеріндегі жымқыру және сыбайлас жемқорлық. Аружан Саин бұл тақырыпты мемлекет басшысымен жақында өткен кездесуі барысында да көтерген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқықтарын қорғаудың аса маңызды екенін айта келе, көтерілген мәселе бойынша бірқатар тапсырма беріп, мұны әрқашан жіті бақылауында ұстайтынын айтты. Балалардың мұқтаждығы үшін бөлінген бюджет қаржысы олардың нақты қажеттілігіне жұмсалуы тиіс. Ал балалардың құқығына қатысты заң бұзушылықтарға алып келетін кез келген қиянатты іс-әрекеттің жолы кесіліп, кінәлілер жазалануы керек.

Екі конференцияны көрермендерге түрлі телешоулардың жүргізушісі ретінде жақсы таныс Әния Байораз модераторлық етті.