«Балам-ай» жартылай стационарында балаларға қатыгездік көрсету фактілері туралы

2023 жылдың 17 қаңтарынан бастап әлеуметтік желілер мен интернет мессенджерлерінде Астанадағы медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірінде балаларға қатыгездік көрсету фактілері жазылған видео тарады, атап айтқанда, оқиға «Балам-ай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қайырымдылық қоры» ҚҚ мүгедек балаларға арналған жартылай стационарында орын алған.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан келіп түскен жауапқа сәйкес, ЖҚӘҚБ үкіметтік емес ұйымдарды арнаулы әлеуметтік қызметтер (ары қарай – АӘҚ) көрсеткені үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржыландырады.

«Балам-ай» мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры» ҚҚ (Қор төрайымы – Әсел Жасанова) мүмкіндігі шектеулі балаларды жартылай стационар жағдайында АӘҚ қамтамасыз ету үшін 2023 жылға келісім-шарт жасалды.

Бейнежазбадағы оқиғаға келсек, тәрбиешілердің балаларға лайықсыз қарым-қатынас көрсету фактісі (ЖҚӘҚБ жауабында солай делінген) 17 қаңтарда ата-аналардың шағымынан белгілі болды. ЖҚӘҚБ басшылығы ата-аналардың Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, 25/3 мекенжайында орналасқан филиалдағы балаларға дөрекі қарым-қатынас жасау туралы шағымдарын тыңдап, арыздарын қабылдады.  Тексеру барысында фактілер расталды, балалармен қарым-қатынас медициналық-әлеуметтік стандарттарға және этикалық-моральдық нормаларға сәйкес келмейді.

Осы факті бойынша дереу ішкі және сыртқы тергеу басталды. Дөрекі әрекетке барған үш қызметкерге (тергеу мүддесі үшін аты-жөндері жарияланбады) қатысты жұмыстан шығару туралы шешім қабылданып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәрбиешінің көмекшілері – жұмысқа орналастырылған мүгедектер, атап айтқанда есту қабілеті бұзылған адамдар. Мұндай фактілердің алдағы уақытта қайталанбауы үшін «Балам-ай» ҚҚ басшылығымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Балалардың ата-аналарына Астана әкімдігінің ӘКҚ «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» ауысу ұсынылды. Ата-аналарға ұсыныспен келісті.

Оқиға орнына ЖҚӘҚБ қызметкерлерінен басқа келесі құрамдағы топ барды: Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің (БҚҚК) қызметкері және Оқу-ағарту министрлігі Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің (ББСҚК) Астана қаласы Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары (Раушан Козкеева), Астана қаласы Білім басқармасы басшысының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі орынбасары (Римма Имангазинова), өңірлік балалар құқықтары жөніндегі уәкіл (Әсима Бимендина). Олардан қосымша ақпарат күтіп отырмыз.