Балалар тауар емес!

Қатаңжазаның өзі «адамсаудасын» тоқтатаалмайды. Жақында Алматыда осындай қылмыс жасады деген күдікпен жеті адам ұсталды, оның ішінде жаңа туған сәбиін сатпақ болған жас жұбайлар бар…

2016 жылы Қазақстанда бала саудасына қатысты бірнеше сот ісі қаралды, ең шулы сот процестері Алматы мен Шымкентте өтті. 2019 жылдың желтоқсан айында кәмелетке толмағандарды саудалағаны үшін жаза қатайтылып, жазаның төменгі шегі ұлғайғанымен, жағдай онша жақсарған жоқ.

АҚШ үкіметінің Қазақстандағы адам саудасы туралы 2021 жылға арналған есебінде біз көп уақыт бойы адам саудасының жағдайын көрсететін екінші деңгейлі ел ретінде аталатынымыз кездейсоқ емес: 1. Адам саудасымен күресу бойынша белсенді шаралар қабылдап жатқан елдер, 2. Маңызды іс-әрекеттер жасайтын елдер, 3. Оңалыс жоқ бақылау парағындағы елдер, және 4. Мүлдем шара қолданылмайтын елдер.

2021 жылдың көктеміндебалалар омбудсмені ел Президентіне бала саудасы жәнеоның схемаларына қатысты хат жолдаған еді. Осыдан кейін бұдан кейін Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің жетекшілігімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бақылауымен ведомствоаралық топ жұмыс істей бастады.

Айта кету керек, Бас прокуратура қызметкерлері ауқымды жұмыс атқарды, 2021 жылдың 15 қыркүйегінде Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтың Премьер-министр Асқар Маминге жасаған ұзақ баяндамасы осы еңбектің нәтижесі (дәйексөз келтірейін): «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары кәмелетке толмағандардың жасырын саудасы аясында бала асырап алу мәселелерін зерттеді. Балаларды заңсыз асырап алудың/үшінші тұлғаларға берудің, соның ішінде шет мемлекеттердің азаматтарына берудің жаппай жағдайларына әкелген бірнеше заңсыз схема анықталды. Бұзушылықтарға лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен әрекетсіздігі, заңнамадағы олқылықтар және жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың (ары қарай – Балалар банкі), оларды өз отбасына қабылдауға ниетті адамдардың республикалық деректер банкісінің жетілдірілмегендігі ықпал етуде…».

Құжат соңында анықталған заң бұзушылықтарды, сондай-ақ оларға ықпал еткен себептер мен шарттарды болашақта жою және алдын алу бойынша 8 іс-шара кешені ұсынылады.  2022 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев Zakon.kz тілшісіне бұл шараларды жүзеге асырудың алғашқы нәтижелері туралы айтып берді.

Мұндай қылмыстардың алдын алудағы басты рөлдердің бірі полицияның өзіне тиесілі. 2022 жылдың 22 тамызында осыдан екі апта бұрын Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция бөлімі бастығының қызметінен Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалған полиция полковнигі Дидар Аханов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ведомстволық сайтына жаңа істің мән-жайын айтып берді:

– 24 жастағы келіншек 21 жастағы бірге тұратын ер адаммен алты күн бұрын дүниеге келген қызын сатпақ болған. Жұп құрсақтағы баласын сатып алушыларды екі ай бұрын іздей бастағаны анықталды. Баланы сатып алуға ниет білдіргендер Алматы қаласының тұрғындары – 48 жастағы азамат У. және 46 жастағы азаматша Е. Тараптар 2 млн.теңгеге келіскен. Мәміле өткен демалыс күндерге белгіленген. Алайда екі бөлімшенің – Криминалдық полиция басқармасы мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің қаланың әртүрлі жерінде бір уақытта жүргізген арнайы операциясы олардың жоспарын бұзды. Алғашқылардың қатарында қыздың биологиялық ата-анасы да қамауға алынған. Ары қарай – әлеуетті сатып алушылар және делдалдық етуші ерлі зайыптылар. Келесі кезең ақшалай сыйақы үшін балаға құжаттарды ресімдеу міндетін алған 56 жастағы азаматша А. ұсталды. Өте маңызды жайт: кездесу кезінде делдалдық етушілердің қолында тағы екі сәби болған, болжам бойынша 3 және 7 айлық.

Ер адам оларды өздерінің балалары деп сендіргісі келді. Алайда балалардың жеке басын куәландыратын құжат көрсете алмаған. Осылайша, арнайы операцияның нәтижесінде күдіктілерден үш сәби тәркіленді.Балалар тексеру және қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Күдіктілер бұл балаларды да «тірі тауар» ретінде пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу шындықты анықтайтыны сөзсіз.

Полиция нәрестені және мәміленің қалған сомасын бір-біріне беру кезінде сатып алушылар мен делдалдардың бір уақытта ұсталғанын атап өтті. ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігімен қарастырылған қылмыс бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

135-бап. Кәмелетке толмағандар саудасы

1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау –

мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) өмірге және денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;

4) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

5) екі және одан да көп адамға қатысты;

6) транспланттау немесе өзге де пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алып қою мақсатында;

7) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;

8) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

9) кәмелеткет ол маған адамдық ылмыстар немесе қоғамға жат өзге де әрекеттер жасауға тарту мақсатында;

10) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;

11) кінәлі адамға жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі кәмелетке толмаған адамға қатысты;

12) кінәлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екені көрінеу белгiлi кәмелетке толмаған адамға қатысты;

13) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

мүлкі тәркіленіп, 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына  әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші сіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау мақсатында жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты мұндай іс-әрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау –

мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын анайыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) қылмыстық топ жасаса;

2) олар абайсызда жәбірлен ушінің өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –

мүлкі тәркіленіп, 12 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.