Балаларға сүйіспеншілік пен қамқорлық сыйлаңыз!

Міне, 72 жылдан бері бүкіл өркениетті әлем 1 маусымды Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде тойлап келеді. Оның басты мақсаты – қоғамның назарын балаларға қатысты өткір мәселелерге аудару.

1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы түр-түсіне, ұлтына, тегіне, әлеуметтік жағдайына және т.б. қарамастан барлық баланың тәрбие, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, дене және рухани даму саласындағы тең құқықтарын жариялаған Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдады. Барлық құқық бір-бірімен тікелей байланысты, бәрі бірдей маңызды және оны балалардан тартып алу мүмкін емес. Сонымен қатар, декларация ата-аналарды, қоғамдық ұйымдарды, үкіметтерді балалардың құқықтарын тануға және жүзеге асырылуына ықпал етуге шақырады.

Қазақстан Республикасы 1994 жылы БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялап, әрбір баланың болашағы үшін балалық шағын жарқын әрі пайдалы ету үшін міндеттеме алды. Себебі біз, ересектер, балалар үшін жұмыс істеп, өмір сүреміз. Біздің парызымыз – әрбір балаға барынша білім беру, өмірлік дағдыларды меңгерту,  денсаулығын сақтау, қабілетін дамыту, мейірімді адам етіп тәрбиелеу. Біздің міндетіміз – оларды  немқұрайдылық пен қатыгездіктен, соғыстар мен ауыр сырқаттардан сияқты оқыс жағдайлардан қорғау.

Бүгін мен сіздердің назарларыңызды алға қойған мақсаттарға, тұрақты нәтижелерге жету үшін әлі де көп жұмыс күтіп тұрған салаларға аударғым келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің болашағы үшін нақты міндеттер қойды: денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру саласында: балалар арасындағы мүгедектік деңгейін төмендету, мүгедек балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, білім сапасын арттыру, әлеуметтік қолдау көрсету. Құқық қорғау жүйесіне, парламентке және жергілікті атқарушы билікке нақты міндеттер қойылды. Сондай-ақ, балалардың жеке қабілеттерін дамытып, өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеу үшін спорт пен шығармашылық балалар тапсырыстарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Artsport реформасын жариялады.

Бірқатар салада оң нәтиже байқалады, бірақ мүлде тоқтап тұрғандары да бар. Алайда қазірдің өзінде жүйелі жұмыс, кәсіби көзқарас арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуге болар еді.

2022 жыл Балалар жылы болып жарияланды. Бірақ ертеректе айтқанымдай, үкімет бекіткен іс-шаралар жоспарында елеусіз және немқұрайлы шаралар тым көп,  ал  балалардың жағдайына шын мәнінде әсер ететін шаралар жоқтың қасы.

 Мәселен, әрбір баланың, отбасының өміріне әсер ететін реформаларды талқылаудан алынып тасталды; бұл оқушыларды ыстық тамақ және мектеп формасымен қамтамасыз ететін жаңа реформаларға қатысты.

Мен, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде ересектерді, мемлекеттік қызметкерлерді, Үкіметті, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын Балалар жылы мен 1 маусымда ғана емес, күн сайын балалардың мәселелерін назардан тыс қалдырмауға, балаларды қорғау үшін күнделікті қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырамын.

Қаншалықты қарабайыр сөз десеңіздер де, балалар – біздің болашағымыз. Дені сау бала – дені сау ұлт! Білімді, мәдениетті, барынша дамыған, бақытты балалар – еліміздің басты байлығы. Себебі кез келген елдің ілгерілеуі мен өркендеуіне кепілдік беретін адами капиталды дәл осы балалар қалыптастырады! Сондықтан біз мемлекет ретінде,  Қазақстанның болашағы үшін балаларға ел инвестициясының ең маңызды саласы ретінде қарауымыз керек. Ел билігінің, қоғамның, барша жанашыр азаматтардың басты міндеті – Балаларымыздың мейірімді, қауіпсіз, берекелі елде әдепті, білімді де саналы болып өсуіне жағдай жасау.

Балаларға сүйіспеншілік пен қамқорлық сыйлап жүрген ата-аналарға, ата-әжелерге, ұстаздарға, дәрігерлерге, тәрбиешілер мен жаттықтырушыларға рахмет айтқым келеді. Қазақстан балаларының игілігі үшін орасан зор еңбек атқарып жүрген барлық қайырымды жандарға, еріктілерге, әріптестерге, пікірлестерге ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ қасіретке тап болған баланың жағдайына бейжай қарамай, риясыз көмек көрсетіп жүрген барлық мейірімді, адал адамдарға  алғыс айтамын.

Құрметпен,  Аружан Саин